02.02.2014

«Жасыл апта – 2014»

Тамақ өнеркәсібінің, бау-бақша, ауыл және орман шаруашылығының «Жасыл апта – 2014» халықаралық көрмесі 2014ж. 17-26 қаңтар аралығында Берлин қаласында өтті. Көрме жыл сайын әлемдік аграрлық және азық-түлік нарығына қатысушылардың алдыңғы қатарлы топтарын жинайды.

«Жасыл апта – 2014» – жетекші азық-түлік, аграрлық-инвестициялық жобалар көрсетілетін әлемдік азық-түлік, аграрлық нарықтың халықаралық ірі көрмесі.2 Шараның ұйымдастырушысы – «Messe Berlin GmbH» компаниясы көрмені 1926 жылдан бері жүргізіп келеді.

Тамақ өнімдерін шығаратын ірі өндірушілер де, сатып алушылар да Берлиндегі «Жасыл апта» көрмесін жоғары бағалайды, себебі мұнда тамақ өнеркәсібіндегі жаңа тауарлар, жаңа ағымдар арнасын тауып, келісімшарттар жасалады.

3 Міне, ірі азық-түлік өнеркәсібі форумына «Рахат» АҚ 4-інші рет қатысып отыр. Көрме алаңында түрлі бағыт бойынша ынтымақтастық туралы бұрынғы және жаңа серіктестермен келелі кездесулер өтіп, келіссөздер жүргізілді.

Сондай-ақ көрмеде өнімдеріміз сатылды. Көрмеге келушілерге кәмпит, карамель, шоколадтың алуан түрі ұсынылды. Біздің өнімдеріміз көрмеге келген қонақтар мен қатысушылар арасында аса қызығушылық тудырып, нәтижесінде көпшілік тарапынан сұранысқа ие болды және сатып алушылар оларға жоғары баға берді.