28.03.2017

«WorldFood Uzbekistan» 17-нші халықаралық азық-түлік көрмесі

29 наурыздан 31 наурызға дейінгі аралықта Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында «WorldFood Uzbekistan» 17-нші халықаралық азық-түлік көрмесі өтті. Рахат» АҚ Орталық Азиядағы ауқымды іс-шаралардың біріне бұл жолы да қатысты. Жыл сайын көрмеге өзбек елінің және әлемнің азық-түлік нарығын көрсетіп, таныстыратын жетекші өнім өндірушілер, тамақ өнеркәсібі саласының өнім жеткізушілері мен өткізушілері қатысады. «WorldFood Uzbekistan» көрмесі –өз өнімдерін майталман мамандар назарына ұсынуы үшін өндірушілерге берілген айрықша мүмкіндік. Көрмеге қатысушылар өз өнімдерін көрсетіп әрі жаңа өнімдермен де танысты. Көрме аясында «Рахат» АҚ келушілерді жаңалықтарымен таныстырып, фабрикамыз шығарған өнімдерден оларға дәм татқызды.