16.09.2016

«WorldFoodMoscow» халықаралық көрмесі

«Рахат» АҚ 2016ж. 12 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейінгі кезеңде өткен ТМД аумағындағы ірі көрмелердің бірі – «WorldFoodMoscow» халықаралық көрмесіне қатысты.

«WorldFoodMoscow» – жетекші өндірушілер мен жеткізушілер қатысатын тамақ өнімдерінің халықаралық көрмесі.

Биыл көрме өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Оған әлемнің 50 елінен 1500-ге жуық компания қатысты. Жыл сайын көрмеге 30 000-нан аса адам келеді. Қатысушылардың жартысына жуығы – ресейлік компаниялар.

«Рахат» АҚ фабрикасы Ресей, Германия, Өзбекстан, Түрікменстан және т.б. елдерде өтетін мұндай көрмелерге жүйелі түрде қатысып келеді.

Ресей астанасында өткен аса ірі көрмелердің бірі – «WorldFoodMoscow»«Рахат» АҚ  … көрмесінде «Рахат» АҚ фабрикасы өзінің жаңа өнімдерімен таныстырып, келушілер өнімдерден дәм татты. Стендіге таяу және алыс шет мемлекеттердің әлеуетті сатып алушылары көп келді.

Көрсетілген экспозицияның маңыздылығы және кәсіби шеберлікпен әзірленгендігі үшін «Рахат» АҚ-ына көрме қорытындысы бойынша жоғары баға берілді.