18.02.2010

«Продэкспо 2010» 17-ші халықаралық көрмесі

2010 жылғы ақпан айында Ресей бас көрме алаңы – Қызыл Пресняда «Экспоцентр» Орталық көрме кешенінде келушілерге тамақ өнімдері, сусындар және оларды өндіруге арналған шикізаттардың «Продэкспо 2010» 17-ші халықаралық көрмесі ашылды. Осы, жыл сайынғы азық-түлік форумы Ресейдің, ТМД мемлекеттерінің және Шығыс Еуропаның жетекші тамақ өндірушілері үшін маңызды шара болып табылады.

Экспоцентр көрмесінің 80 000 шаршы метрден көп алаңында 57 мемлекеттен 2000 қатысушы өздерінің өнімдерін, жаңа жетістіктері мен технологияларының үздік үлгілерін көрсетті.Продэкспо_2

Қазіргі уақытта барлық қатысушы мемлекттерде тамақ өнімдері анағұрлым серпінді дамып келеді және жоғары бәсекелестікпен, кәсіпкерлік белсенділікпен, қолайлы инвистициялық климатпен сипатталады. Бұл тенденциялар әлемдік тамақ индустриясының өкілдері тек сату рыногын кеңейтіп қана қоймай, бірінші кезекте өз өнімдерінің әлемдік жоғары стандарттарға танымал брэндтерін жасауға тырысуына әсер етеді.

Біздің компания осы мәселелерді шешу маңыздылығын ескере отырып, «Рахат» АҚ «Продэкспо 2010» көрмесіне бірінші рет қатысты.Продэкспо_3 Көрме келушілеріне біздің өнімдердің кең ассортименті көрсетілді. Мамандар «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдері өндірісінің құрамы мен технологиялық шешімдеріне қызығушылық танытты, ал тұтынушылар мен сауда өкілдері ащы шоколадты, сүт шоколадты, көптеген түрлі салмасы бар шоколад кәмпиттерді, есте қалатын жаңа дәмі бар карамельдерді жоғары дәмдік сапасына лайық бағалады. Сувенирлік өнім, қаптаманың өзгеше дизайнерлік шешімдері мен ұлттық рәміздері үлкен қызығушылық танытты.

Көрме барысында «Үздік тауар 2010» байқауы өтті және оған «Рахат» АҚ қатысты. Сараптау коммиссиясына кондитерлік өнімдердің бес үлгісі көрсетілді. Олар – «Тойбастар» шоколад кәмпиттер жинытығы, криспи капуччино қосылған «SAVARIN» тақта шоколады, «Глория», «Магия», «Стиль» кәмпиттері жоғары марапатқа ие болды – байқаудың алтын медальі.

Көтерме және даналап сату фирмаларының өкілдерімен, тамақ саласындағы мамандармен жеке байланыста жоғары сапалы кондитерлік өнімдерді өндіру мәселесі бойынша өз мүмкіндіктеріміз бен құзырлығымызды дәлелді көрсетуіміз болшақта көптеген ресей фирмаларымен өзара ынтымақтастық негізін қалады.