07.04.2010

«РАХАТ» акционерлік қоғамы «Тәттілер-2010» халықаралық көрмесіне қатысты

«РАХАТ» акционерлік қоғамы Қазақстанның тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер Одағы ұйымдастырған «Тәттілер-2010» халықаралық көрмесіне қатысты. «Рахат» АҚ-ның экспозициясы толығымен жоғары тағамдық құндылықтары бар ингридиенттер негізінде жасалған, арнайы тұтынушылық мәнге ие, эстетикалық биік талғамдағы қаптамада сәнді әрленген, жоғары технологиялық кондитерлік өнімдер сұрыпталымына арналды.

Көрмені өткізу кезінде глазурьленген помадалы кәмпиттердің дәмін тату ұйымдастырылды. Дәм тату барысында келушілер өндіріске жақында енгізілген «Махаббат», «Сафари», «Этюд» кәмпиттерімен танысты. Тұтынушыларға дәм татқызу «РАХАТ» АҚ өнімдерінен олардың нені қалайтыны мен күтетіні туралы ақпарат алуға себін тигізді.

Компания көрме аясындағы «Халық қалауы» байқауында «Гран-Примен» марапатталды. Мұның өзі біздің тұтынушыларымыздың «Рахат» АҚ өнімдеріне деген сенімін және өнімнің жоғары сапасының өзгермейтінін тағы да дәлелдей түсті.