02.04.2010

«Азық-түлік нарығы» көрмесіне «Рахат» АҚ алғаш рет қатысты

Ресейдің Оңтүстігіндегі маңызды ірі өнеркәсіп, ғылыми және сауда орталығы – «Тағам индустриясы» форумының құрамдық бөлігі саналатын «Азық-түлік нарығы» көрмесіне «Рахат» АҚ алғаш рет қатысты. Форумды ұйымдастыру және көрмені өткізу орталығы Волгоград болды.

Көрмеге келушілерге біздің өнімдеріміздің сұрыпталымы кеңінен көрсетілді. Мамандарды «Рахат» АҚ-ның кондитерлік өнімдерінің құрамы мен өндіру технологиясының ерекшелігі қызықтырса, тұтынушылар мен сауда өкілдері ащы және сүтті шоколадтың, алуан түрлі салмалары бар шоколад кәмпиттер мен дәмі тілді үйіретін карамельдердің жаңа түрінің жоғары деңгейдегі дәмдік сапасын лайықты бағалады. Желатиннен және желеден жасалған мармеладтар ерекше қызығушылық тудырды. Сувенирлік өнімдерге, қаптаманың дизайнерлік өзіндік өрнегі мен ұлттық рәміздерге үлкен көңіл бөлінді.

Жоғары сапалы кондитерлік өнімдерді өндіру мәселесінде біздің мүмкіндіктеріміз, қабіліет-қарымымызды және құзырлылығымызды сенімді түрде паш ету, көтерме және бөлшек сауда фирмалары өкілдерімен, тағам саласы мамандарымен сұхбаттасу РФ-ның осы өңіріндегі көптеген сауда ұйымдарымен келешегі зор, өзара пайдалы ынтымақтастықтың негізін салуға ұйытқы болды.