10.04.2010

«РАХАТ» АҚ Республика Сарайында өткен қайырымдылық акциясына қатысты

2010 ж. 10 сәуірде «РАХАТ» АҚ Бүкіләлемдік Денсаулық Күні аясында «Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындары үшін Республика Сарайында өткен қайырымдылық акциясына қатысты. «Өзіңді диабет жағынан тексер» акциясын Қазақстан Республикасының Диабеттік ассоциациясы Алматы қаласының әкімдігімен бірігіп өткізді. Акция кезінде көптеген тілек білдірушілер қандағы қант құрамының қазіргі мөлшерін өлшеп, жалпы белгілер нәтижелері бойынша мамандардан кеңес алды, диабетті емдеу саласындағы фармацевтикалық соңғы жетістіктермен танысты.  Бұл күні Республика Сарайында «РАХАТ»АҚ диабетпен ауыратын адамдарға өзінің кондитерлік өнімдерінен дәм татқызды. Келушілердің көбі европалық деңгейде дайындалған жаңа өнімдермен танысты, сонымен қатар диабеттік өнімдерге қойылатын талаптарға сәйкес шығарылған, құрамында сахароза жоқ тәттілерді сатып алды.