«Рахат» АҚ акционерлерінің назарына!
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2011ж. 28 маусымда болған Акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер мен дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды.
1.
1) 5 адамнан тұратын есеп комиссиясының сандық құрамы бекітілсін.
2) Тіркеушіден – «Құнды қағаздарды тіркеу жүйесі» АҚ–ынан есеп комиссиясы мүшелігіне 3 адам есеп комиссиясының төрағасы және екі мүшесі)енгізілсін.
3) «Рахат» АҚ-ынан есеп комисясиясының мүшелігіне Анна Александровна Пархоменко мен Сетямова Зорагуль Асимжановна сайлансын.
4) Есеп комиссиясы мүшелерінің өкілдігі тұрақты деп саналсын.
Дауыс беруге – 2 752 736 дауыс қатысты; «жақтағандар» – 2 752 736; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.
2. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы қызметі туралы есебі қабылдансын және Директорлар кеңесіінің жұмысына оң баға берілсін.
Дауыс беруге – 2 752 736 дауыс қатысты; «жақтағандар» – 2 746 369; «қарсы» – 5 984; «қалыс қалғандар» – 383.
3. 2010 жылға арналған «Рахат» АҚ-ының тәуелсіз аудиторлар есебімен топтастырылған жылдық қаржылық есебі бекітілсін.
Дауыс беруге – 2 752 736 адам қатысты; «жақтағандар» – 2 746 752; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – 5 984.
4. «Рахат» АҚ жай акцияларына дивидендтер аударылмасын, төленбесін және Қоғамның 2010 жылғы таза табысы өндірісті дамытуға бағытталсын.
Дауыс беруге – 2 752 736 адам қатысты; «жақтағандар» – 2 744 419; «қарсы» – 8 314; «қалыс қалғандар» – 3.
5. Қоғамның және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне деген акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындысы туралы жіберілген ақпарат назарға алынсын.
Дауыс беруге – 2 752 736 адам қатысты; «жақтағандар» – 2 746 372;«қарсы» – 6 184; «қалыс қалғандар» – 180.
6. «Рахат» АҚ-ына аудиторлық қызмет көрсету бойынша аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС белгіленсін.
Дауыс беруге – 2 752 736 адам қатысты; «жақтағандар» – 2 746 749; «қарсы» – 5 984; «қалыс қалғандар» – 3.