03.06.2012

«Рахат» АҚ акционерлері назарына!

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2012 жылғы 24 мамырда өткен акционерлердің жалпы жиналысындағы дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімдер туралы хабарлайды.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мына шешімдер қабылданды:

 

1. Директорлар кеңесінің және «Рахат» АҚ Басқармасының 2011 жылғы қызметі туралы есебі қабылдансын және Директорлар кеңесі мен Басқарма кеңесінің жұмысына оң баға берілсін. 

 

Дауыс беруге 2 664 311 дауыс қатысты, «жақтап» – 2 664 311 дауыс, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ. 

 

 

2. Қоғамның 2011 жылғы жылдық топтастырылған қаржылық есептілігі тәуелсіз аудиторлардың есебімен бірге бекітілсін.

 

Дауыс беруге 2 664 311 дауыс қатысты, «жақтап» – 2 664 311 дауыс, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалған» – жоқ.

 

 

3. «Рахат» АҚ-ның жай акцияларына дивидендтер есептелмесін және төленбесін, Қоғамның 2011 жылғы 1 млрд.477 млн. көлеміндегі таза табысы өндірісті дамытуға бағытталсын. 

 

Дауыс беруге 2 664 311 дауыс қатысты, «жақтап» – 2 663 681 дауыс, «қарсы» – 630 дауыс; «қалыс қалған» – жоқ.

 

 

4. Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері туралы ұсынылған ақпарат және оларды қараудың қортындысы ескерілсін. 

 

Дауыс беруге 2 664 311 дауыс қатысты; «жақтап» – 2 664 311 дауыс, «қарсы» – жоқ; «қалыс қалған» – жоқ.