«Рахат» АҚ акционерлерінің назарына!
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2014 жылғы 27 мамырда мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Зенков к-сі, 2А өткен акционерлердің жалпы жиналысындағы дауыс қорытындылары мен қабылданған шешімдер туралы хабарлайды.
Күн тәртібінің «Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы» бірінші мәселесі бойынша көпшілік дауыспен шешім қабылданды:
«Рахат» АҚ акционерлері жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін.
Дауыс беруге 3 407 529 дауыс қатысты, «жақтап» – 3 407 417 дауыс, «қарсы» – 112 дауыс, «қалыс қалғандар» – жоқ.
Күн тәртібінің «Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасының 2013 жылғы жұмысы туралы есепті бекіту туралы» екінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасының 2013 жылғы жұмысы туралы есебі
бекітілсін және Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасының жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
Дауыс беруге 3 407 529 дауыс қатысты, «жақтап» – 2 952 745 дауыс, «қарсы» – 454 424 дауыс, «қалыс қалғандар» – 360 дауыс.
Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ 2013 жылғы аудит тексерінен өткен, топтастырылған жиынтық есебін бекіту туралы» үшінші мәселесі бойынша көпшілік дауыспен шешім қабылданды:
Тәуелсіз аудиторлардың есебі ескеріле отырып, «Рахат» АҚ 2013 жылғы аудит тексерінен өткен, топтастырылған жиынтық есебі бекітілсін.
Дауыс беруге 3 407 529 дауыс қатысты, «жақтап» – 3 167 920 дауыс, «қарсы» – 237 709 дауыс, «қалыс қалғандар» – 1 900 дауыс.
Күн тәртібінің «Қоғамның 2013 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы» төртінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
«Рахат» АҚ жай акцияларына дивидендтер есептелмесін әрі төленбесін және 2013 жылғы алынған 1 326 520 000 (бір миллиард үш жүз жиырма алты миллион бес жүз жиырма мың) теңге көлеміндегі таза табыс Қоғамның бөлінбеген табысы шотында қалдырылсын.
Дауыс беруге 3 407 529 дауыс қатысты, «жақтап» – 2 945 845 дауыс, «қарсы» – 461 384 дауыс, «қалыс қалғандар» – 300 дауыс.
Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгеріс енгізу туралы» бесінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережесіне енгізілетін өзгеріс бекітілсін.
Дауыс беруге 3 407 529 дауыс қатысты, «жақтап» – 2 950 097 дауыс, «қарсы» – 457 252 дауыс, «қалыс қалғандар» – 180 дауыс.
Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесі мүшелері уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» алтыншы мәселесі бойынша көпшілік дауыспен шешім қабылданды:
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі мүшелері – Но Манг Коның, Александр Сергеевич Зенковтың және тәуелсіз директор Юн Ёнгхоның уәкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
Дауыс беруге 3 407 529 дауыс қатысты, «жақтап» – 2 950 127 дауыс, «қарсы» – 3 120 дауыс, «қалыс қалғандар» – 454 282 дауыс.
Күн тәртібінің «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы» жетінші мәселесі және Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру көлемін белгілеу туралы» жетінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып Но Манг Ко, Нам Ик У, Александр Сергеевич Зенков, Сергей Александрович Терещенко және Юн Ёнгхо сайлансын.
Кумулятивті дауыс нәтижелері: Но Манг Ко – 2 955 115 кумулятивті дауыспен, Александр Сергеевич Зенков – 2 958 905, Нам Ик У – 2 947 035, Сергей Александрович Терещенко – 2 946 895, Юн Ёнгхо – 2 949 305.
Сондай-ақ көпшілік дауыспен шешім қабылданды:
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне берілетін ай сайынғы сыйақы мөлшері әрқайсысына 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде белгіленсін.
Дауыс беруге 3 407 529 дауыс қатысты; 1290 дауысқа ие 1 бюллетень жарамсыз; «жақтап» – 3 167 422 дауыс, «қарсы» – 238 667 дауыс, «қалыс қалғандар» – 150 дауыс.
Күн тәртібінің «Қоғамның және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне байланысты акционерлердің өтініш-арыздары және оларды 2013 жылы қарау қорытындылары туралы» сегізінші мәселесі бойынша шешім қабылданды:
Қоғамның және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне байланысты акционерлердің өтініш-арыздары және оларды 2013 жылы қарау қорытындылары туралы мәлімет ескерілсін.
Дауыс беруге 3 407 529 дауыс қатысты, «жақтап» – 2 951 117 дауыс, «қарсы» – 235 367 дауыс, «қалыс қалғандар» – 221 045 дауыс.