23.07.2010

«Рахат» АҚ акционерлерінің назарына!

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2010 жылғы 8 шілдеде болған акционерлердің жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімдері туралы хабарлайды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

1. 2009 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы Қоғам Басқармасының есебі бекітілсін.
Дауыс беруге 2 756 373 дауыс қатысты; «жақтап» – 2 755 743 дауыс; «қарсы» – 0 дауыс; «қалыс қалған» – 0 дауыс.
2. Қоғамның 2009 жылғы аудиттеліп топтастырылған жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.
Дауыс беруге 2 756 373 дауыс қатысты; «жақтап» – 2 755 083 дауыс; «қарсы» – 0 дауыс; «қалыс қалған» – 660 дауыс.
3. Қоғамның 2009 жылғы 864 676 000 (сегіз жүз алпыс төрт миллион алты жүз жетпіс алты мың) теңге мөлшеріндегі таза табысы өндірісті дамытуға бағытталсын.
Дауыс беруге 2 756 363 дауыс қатысты; «жақтап» – 2 747 561 дауыс; «қарсы» – 8 802 дауыс; «қалыс қалған» – 0 дауыс.
4. Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне акционерлердің өтініштері туралы ұсынылған ақпарат назарға алынсын.
Дауыс беруге 2 756 363 дауыс қатысты; «жақтап» – 2 754 293 дауыс; «қарсы» – 660 дауыс; «қалыс қалған» – 780 дауыс.