Қызметтік мансап
Сізді қызықтыратын бос жұмыс орнын таңдап, өз резюмеңізді жіберіңіз. Қызметкерлер жөніндегі бөлімнің мамандары сұраныс-тілектердің барлығын мұқият қарайды және сізбен қайта байланысқа шығуға дайын. Егер Сіздің біліміңіз, жұмыс тәжірибеңіз, іскерлік дағдыларыңыз бен құзіретіңіз бос жұмыс орны талаптарына сәйкес келсе, біз Сізбен міндетті түрде хабарласамыз.
Егер қандай да бір себеппен Сіз өзіңізге лайық бос жұмыс орнын таппасаңыз, өзіңізді қызықтыратын мамандықты көрсетіп, мына электронды мекенжайға cv@rakhat.kz резюмеңізді жіберіңіз. Нақты, сауатты түрде жазылған резюмемен қоса берілген жолдама-хат Сіздің нені қалайтыныңызды түсінуімізге және Сіздің біліктілігіңізге, біліміңіз бен тәжірибеңізге сай бос жұмыс орны болған кезде Сізбен хабарласуымызға себін тигізеді.
Құрметті ізденушілер, өздеріңіздің резюмелеріңізді мына электронды мекенжайға: cv@rakhat.kz жіберіңіздер. Сіздің тәжірибеңіз бен кәсіптік мақсаттарыңызға сай келетін бос жұмыс орны туындаған жағдайда, Сізбен қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің өкілдері хабарласады. Бізге жіберілген мәліметтердің құпия сақталатынына кепілдік береміз.
Құрметті рекрутингтік, тренингтік және консалтингтік қызмет көрсететін компаниялар өкілдері, әлеуетті серіктестер, бізге мына электронды мекенжай cv@rakhat.kz бойынша хат жазып, хабарласыңыздар.
Сіздермен бірлесе жұмыс істеуге қуана келісеміз!