14.10.2021

Вафлялар: түрлері, құрамы және вафлялардың пайдазияны

Вафля – көптеген адамдардың сүйікті тәтті тағамы. Бұл кондитерлік өнімнің айрықша ерекшелігі – оның қытырлауы мен бедерлі өрнегінің болуы. Бұл тағам көңіл-күйді тез көтеруге көмектесетін және мидың жұмысын ынталандыратын энергия көзі, әрі аштық сезімін тез басады.

Тәттінің атауы  немістің waffel сөзінен шыққан, ұяшықтар, торлар  деген мағынаны білдіреді. Шынында да, вафель қалыбында пісірілетін бұл тәтті тағам бал ұясына өте ұқсас. Оның алғаш пайда болған кезін және кім ойлап тапқанын қазір анықтау мүмкін емес. Болжам бойынша, бірінші вафлялар XIII ғасырда пісірілген. Оларды тек ауқатты отбасында өсетін балалардың үстелінен кездестіру мүмкін болған.

1869 жылы арасына қамыр салынатын екі металл бөліктен тұратын алғашқы вафлель қалыбы пайда болды. Содан бері осы ұн өнімдері көптеген адамдарға ұнай бастады. Вафляларды мерекеге де, кешкі шайға да дайындады. Арасына әртүрлі салмалар да қосатын болды.

Вафля түрлері

Вафля — кез-келген елде танымал тәтті тағам. Бірақ оны дайындауда әр  ұлттық аспаздық ерекшеліктері бар. Сонымен, вафля түрлері мынадай:

  • веналық – жұмсақ және үлпілдек;
  • бельгиялық – брюссельдік (үлпілдек) және льеждік (тығыздығы қатты);
  • американдық – пішіндерінің әр түрлілігімен ерекшеленеді, кейде нанның орнын алмастырады;
  • итальяндық – жіңішке және қытырлақ, әр түрлі өрнектері бар, көбінесе түтік пішіндегі вафлялар десертті безендіру үшін қолданылады;
  • швециялық – вафлялар түрлі пішінде жасалады, оларды балмұздақпен, джеммен қосып жейді;
  • голландиялық (карамельді) – өте тәтті, екі тілімшеден тұрады және тәтті салма қосылады.

Классикалық вафлялардың бір ерекшелігі – қытырлақ вафельді беті болады. Сондықтан олар қытырлақ күйде қалуы үшін салмасында артық ылғал болмауы керек. Заманауи технологиялар ұннан жасалған тәттілердің түр-түрін дайындауға мүмкіндік береді. Олар салмасыз да,  салмамен де дайындалады.

Салмасы бар вафля түрлері:

  • майлы салма – ең көп таралған түрі. Бұл салма тәттінің қытырлақ қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Ұн өнімдерін дайындау үшін кондитерлік май, қант ұнтағы, әр түрлі қоспалар (ароматизатор, ванилин, какао) қолданылады;
  • далапты салма – кәмпиттерге қосылатын толтырма қолданылады, құрамында сірне көп болады;
  • жеміс-жидектер салмасы – олардың құрамында кондитерлік май жоқ болғандықтан, калория мөлшері аз. Салма жеміс (әдетте алма) езбесінен жасалады.

Сонымен қатар, диеталық (құрамында қант алмастырғыштары, фруктоза бар), дәруменделген (құрамында дәрумен мөлшері жоғары), және жұмсақ вафлялар да шығарылады. Тәттінің мұндай түрлерін денсаулығы нашар адамдарға қолдану ұсынылады.

Вафля құрамы

Классикалық вафлялар әдетте табиғи өнім болып табылады. Олардың құрамында тағамдық қоспалар, бояғыштар немесе консерванттар болмайды. Негізгі ингредиенттері – су немесе сүт, ұн, қант, жұмыртқа, крахмал. Піспенанның бұл түрі арнайы қалыпта пісіріледі.

Классикалық вафля рецепті ешқандай күдік туғызбайды. Бұл вафляның құрамы мүлдем зиянсыз. Дегенмен, вафля салмаларына абай болу керек – олардың құрамында кез келген нәрсе болуы мүмкін.

Пайдасы

Вафлялар өте дәмді болады. Ал біз рецепторларымызды қуантқан кезде көңіл-күйіміз жақсара түседі. Сондықтан ұннан жасалған тәтті тағамдар бізді әрқашан қуантады. Ал жақсы ортада вафлямен бірге бір шыныаяқ шай не кофе ішіп отырып әңгімелесудің өзі – бір ғанибет.

Сонымен қатар, вафлялардың құнарлығы жоғары болғандықтан, аштық сезімін тез басады. Тәттінің құрамында қант бар, ол мидың жұмысын ынталандырады. Сондықтан ақыл-ой жүктемесі жоғары болған кездері аз мөлшерде тәтті тағам жеу пайдалы. Бұл сондай-ақ физикалық жүктемесі жоғары адамдар үшін жақсы тағам – себебі, энергиямен қуаттандырып,  аштық сезімін басады.

Ұннан жасалған тәттінің құрамында сүт бар, ал бұл кальцийге бай өнім сүйектерді нығайтуға көмектеседі. Жұмыртқа құрамында жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына жол бермейтін пайдалы холестерин бар. Ал майлар болса дәрумендердің ағзаға сіңуіне ықпал етеді.

Қызықты дерек: вафлялар термореттеу үдерісін жақсартуға көмектесіп, тіпті аса суып немесе қызып кетудің алдын алады.

Балалар сабаққа көп энергия жұмсайды. Вафля – олар үшін  энергияны тез толтыруға көмектесетін таптырмас тағам. Бірақ бұл өнімге көп әуестенбеген жөн. Құрамына не кіретінін оқып, консерванттары аз тәттілер таңдауды әдетке айналдырыңыз.

Дүкендерде әр талғамға арналған вафляның алуан түрі бар, бірақ тағамның пайдалы болуы үшін сапалы өнімді таңдаңыз. «Рахат» кондитерлік фабрикасының вафлялары құрамы ойластырылған, ингредиенттері мұқият іріктелген және 1942 жылдан бері әзірленген технология бойынша жасалады. Кез келген көңіл-күйге арналған көптеген дәмдері бар: сүтті, фундук қосылған, балмұздақ дәмі бар, жидек дәмі бар, кілегейлі вафлялар, шоколадты және шие қосылған. Әрқашан жаңа піскен және қытырлақ түрлі салмалары бар вафельді түтікшелер немесе «Рахат» классикалық десерті әрқашан үстеліңізден табылады.