Үшінші Еуразиялық Әйелдер Саммиті
«Рахат» АҚ Тәуелсіз Қазақстан Республикасы астанасындағы Сарайда 2012 жылғы 21 – 23 қарашада өткен Үшінші Еуразиялық Әйелдер Саммитінің (EWS-3) демеуші-серіктесі болды. Саммит қоғамдық әйелдер қозғалысы, бизнес-құрылымдар және Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі әлемдік саясат көшбасшылары кездесуінің айрықша үлгісі ретінде құрылды.
Еуразиялық Әйелдер Саммитіне 350-ден аса адам қатысып, сондай-ақ әлемнің жиырмадан астам елдерінен қонақтар келді.
EWS-3 аясында біздің компаниямыз белсене қатысқан отандық тауар өндірушілер көрмесі ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар мен қонақтар арасында үлкен қызығушылық тудырған, ұлттық рәміздермен өрнектелген сувенирлік өнімдердің кеңейтілген түрдегі сұрыпталымы көрмеге шығарылды.
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Іскер әйелдер ассоциациясы Саммит ұйымдастырушысы ретінде баяндама жасады.