20.06.2015

Балаларды қорғау күні

Дәстүр бойынша маусым айы «Рахат» кондитерлік фабрикасы үшін жылдың ең ыстық айы, бірақ , мүлде жоғары ауа температурасының бұған қатысы жоқ. Бұл күндері барлық жерде  2 Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатады. Көп жыл бойы компания мыңдаған балалар үшін мерекені өткізуге қолдау көрсетіп келе жатыр. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, жетім және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларының балалары үшін мәдениеттік, спорт және мерекелік шараларды өткізуге қолдау көрсетіп келе жатыр.

3 Осы жылы Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрындағы мерекелек шараларды өткізуге қолдау көрсеттік. Мерекелік концерттің 800-дей қатысушылары мен кішкентай көрермендері тәтті сыйлықтарға ие болды.

Балалық шақ мерекесіне облыстық № 1 балалар үйінің (Бағанашыл) тәрбиеленушілері, «Спешиал Олимпикс Казахстан» бағдарламасы бойынша оқитын мүгедек-балалар,4  Алматы облысы, Іле ауданының М.Түймебаев ауылының «Солнышко» балалар үйінің тәрбиеленушілері тәтті сыйлықтар алды.