22.10.2015

«Рахат-Шымкент» ЖШС

2015 жылғы 22 қазанда Шымкент қаласында «Рахат-Шымкент» ЖШС жаңа өндіріс алаңының салтанатты түрде ашылу рәсімі болды.

Рәсімге «Lotte Confectionery» компаниясының президенті Ким Ёнг Су, «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Но Манг КО, «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы А.С. Зенков, Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Чо Енг Чон, ҚР ИДМ инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Е.К. Хаиров, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

С.К.Тұяқбаев, Шымкент қ. әкімінің орынбасары Н.Кушеров және т.б. қатысты.

Өндірістік цехтарға еуропалық өндірушілер шығарған қазіргі заманғы2015 жылғы 22 … жаңа жабдықтар қойылды. Жалпы қуаты жылына 9 мың тонна өнім беретін вафли өндіру желісі мен печенье өндіру желісін орнату жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорынның өндірістік алаңы қосымша 12 жаңа технологиялық желілерді кезең бойынша орнатуға мүмкіндік береді.

Компания өнім түрлерін арттырып, вафли топтамасының, сондай-ақ крекер мен печеньенің жаңа түрлерін нарыққа шығарады. Келешекте «Lotte» бағыты бойынша өнімдер шығару көзделуде.

Жаңа өндірістік қуатты енгізу жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім2015 жылғы 22 … өндіруге, республика халқының кондитерлік өнімдерге деген сұранысын қанағаттандырып, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Бұл жоба экономиканың тамақ өнеркәсібі саласының дамуына оң ықпал етіп, мемлекеттің бюджетіне түрлі салық төлемдерінің түсуіне жол ашады, соған орай жалпы еліміздің экономикасының дамуына әсер етеді.

 

Өндірісті аралағаннан кейін, қысқаша брифинг өткізілді.

 

– «Рахат-Шымкент» өндіріс алаңының ашылған күні – кондитерлік өнім 2015 жылғы 22 … нарығында «Рахат» АҚ-ның көшбасшылық бағытының дәлелденген күні, – деп атап өтті «Lotte Confectionery» компаниясының Президенті Ким Ёнг Су мырза. – Біз Шымкент қаласындағы жаңа өндіріс алаңы тек Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азия бойынша компаниямыздың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосады деп санаймыз. «Lotte Confectionery» компаниясы үшін Қазақстан – орталық Азия нарығындағы ең маңызды үйлестіру орталығы. «Рахат» АҚ – сату көлемі ең жоғарғы деңгейдегі, біз үлкен үміт артатын шетелдік еншілес кәсіпорнымыз. Біздің одан күтеріміз қаншалықты зор болса, соған орай бұл кәсіпорынға инвестиция тартып, қолдау көрсету бойынша жоспарларымыз да2015 жылғы 22 … соншалықты ауқымды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, еліміздің индустриальдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «KAZNEX INVEST» АҚ Қазақстандағы өздерінің өндірістік қызметін ұлғайтуға қосымша қаржы салуды көздейтін шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізеді. Оңтүстік Кореялық «Lotte» компаниясы – осындай инвесторлардың бірі. Қазіргі уақытта инвестиция ретінде салынған 3,2 млрд. теңгенің қаржыны қайта салудың көрсеткіші екенін, яғни бұл біздің елімізге деген сенімділікті, осы елде өркендеуді көздеген ықылас-ниетті, сондай-ақ инвестиция тартудағы жағымды ахуалды білдіретінін баса 2015 жылғы 22 … айтқым келеді, – деді ҚР ИДМ инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров .

 

қазақстандық және кореялық бизнес өкілдерінің өзара жемісті іс-қимылының айрықша үлгісі екенін атап өтті – Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Чо Ёнг Чан мырза «Рахат» АҚ мен «Lotte» компаниясының ынтымақтастығы елшісі.