«Sweets China 2009»
Қытайдың тұтыну нарығы бүкіл әлемнің өнім өндірушілері үшін тартымды саналады. Сондықтан көп жылдан бері Үрімші қаласында өтетін күзгі көрме-жәрмеңкеге тек экспоненттің өзінен 800 адамға дейін барады, ал жыл сайын Шанхай қаласында өтетін «Sweets China» Sweets China 2 мамандандырылған көрмесі кондитер өнеркәсібі кәсіпорындарының көрнекті форумы ғана емес, сондай-ақ олардағы жан-жақты, қатаң бәсекелестіктің аясы болып табылады.
Бірнеше жылдар бойы бұл жарысқа қытай тұтынушыларының қалауымен «Рахат» акционерлік қоғамы қатысып келеді. «Sweets China 2009» өткен Шанхай көрме орталығындағы алматы фабрикасының стендісі иеленген орын көлемімен ғана емес, сондай-ақ көрме жабдықтарының үйлесімді құрастырылуымен, атқарымдылығымен және үлгілік ерекшелігімен, қанық әрі мазмұнды көркемделуімен келушілердің назарын аударды. Sweets China 3 Стенд алдына көпшіліктің үнемі жиналуының шешуші факторы ретінде экспозицияда көрсетілген кондитер өнімдерінің тартымдылығы, жоғары деңгейлі технология бойынша оларды дайындау мен қолданылатын ингридиенттерге байланысты тұтыну қасиеттерін атап өтуге болады. Бұған қарапайым шанхайлықтарға қоса, ірі көтерме саудамен айналысатын фирмалар өкілдері, желілік ритейлерлер, сауда орталықтарының қожайындары ащы және сүт шоколад, ірі қоспасы бар шоколад, алуан түрліSweets China 4 салмалары бар шоколад кәмпиттерден дәм татып, көз жеткізді. Сувенирлік қаптамадағы кондитерлік өнімдер өзгеше материалдарымен, құрамының күрделілігімен қатар, қымбат әрленуімен және ұлттық нақыштарымен де қызығушылық туғызды. Балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтардың, жаңа жылдық дизайнмен көркемделген қораптардағы кәмпиттердің жинағын көрсету Шығыс күнтізбесі бойынша Қытайдағы Жаңа Жылға арнап алынатын жаңа жылдық
сыйлықтар партиясына берілетін алғашқы тапсырысқа енуіне себепші болды.
Көрмедегі жеке пікір алмасулар, мүмкіндіктерді стендіде сенімді түрде ашып көрсету көптеген қытай фирмаларымен серіктестік жасаудың келешегін айқындау мен сұхбаттасудың бастамасы болды.