23.01.2025

Сыртқы аудитор туралы мәліметтер

Сыртқы аудитор туралы мәліметтер

Компанияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 16 наурыздағы шешіміне сәйкес «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ның 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша топтастырылған қаржылық есептілікке қатысты аудит тексерісін жүргізу  қызметін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС белгіленді. 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша топтастырылған қаржылық есептілікке қатысты аудит тексерісін жүргізу қызметтеріне арналған, ҚҚС есептелмеген кездегі Шарттың сомасы 59 000 000,00 теңгені құрайды және аудиторлық қызмет көрсетуге байланысты барлық шығыстарды/шығындарды қамтиды.

 

Аудитордың Шартқа сәйкес 2023 жылы көрсететін қызметтерінің тізбесі:

 

– 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша топтастырылған қаржылық есептілікке қатысты аудит тексерісін жүргізу және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған топтастырылған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті тапсыру;

– ілеспе қызметтер көрсету.