20.10.2013

«Special Olympics»

Мүгедектер күні қарсаңында «Рахат» акционерлік қоғамы Алматы қ. «Спешиал Олимпикс Қазақстан» бағдарламасы бойынша айналысатын тұрмысы нашар отбасылардан, интернат үйлері мен балалар үйлерінен 450 мүгедек балаға арналған спорттық мерекелік шараларды өткізуге қатысты.1

Түрлі аурулардың әсерінен пайда болып, ментальдық тұрғыда сананың бұзылуына себеп болған шектеулер тіпті өте қарапайым деген тапсырманың өзін балаларға қол жетпестей көрсетіп, орындау барысында айтарлықтай қиындық тудырады. «Special Olympics» халықаралық үкіметтік емес ұйымы мүгедек балалардың спортқа дағдыланып, өз қабілеттерін көрсетуге жол ашатын және сол арқылы қоршаған ортамен етене араласуға ықпал ететін бірқатар шараларды жүзеге асырады. Сондай жобалардың бірі – қыркүйекте өткізілген «Жас атлеттер» жобасы. Бұл шараға 3 пен 7 жас аралығындаға балалар, олардың ата-аналары мен волонтерлер қатысты.

2 «Жас атлеттер» бағдарламасы балаларға сорттық шеберлік дағдыларын үйретуге және «Спешиал Олимпикс» қозғалысына жаңадан балалар мен олардың ата-аналарын тартуға бағытталған. Мұндай бағдарламаларға қатысудың балаларға өздерін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінуіне, өз тағдырын өзі жасауға деген үміті мен сенімдерін оятуға ықпалы зор.

Дәстүр бойынша мұндай мерекелік шаралар қозғалыстың көп жылғы серіктесі «Рахат» АҚ-ның тәтті сыйлықтарын таратумен тартымды бола түсті. Себебі осындай мереке күндері мүгедек балалар өзгелердің өздеріне деген ерекше ілтипатын, мейірімі мен қамқорлығын сезінеді.