Менеджмент жүйесі
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ ISO 9000 сериясының стандарттарына негізделген сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) әзірленіп, енгізіліп және сертификаттаудан өтті. Сапа менеджменті жүйесі – кәсіпорын қызметінің барлық салаларын қамтитын процестерді басқару жүйесі. Мұның негізі – жабдықтар мен техниканы дұрыс пайдалану, өндіріс мәдениеті, кәсіпорынның әрбір жұмыскерінің өз міндеттерін сапалы орындауға деген жауаптылығы, тұтынушылардың өтініштері мен пікірлерін ескеру, сонымен қатар шикізаттың түсу және дайын өнімдерді шығару сапасын тұрақты және үздіксіз бақылау.
Жыл сайын «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ менеджмент жүйелерінің сәйкестікті растау органы Алматы қ. филиалы тарапынан инспекциялық және қайта сертификаттау бойынша жүргізілген аудит тексерісі аясында № KZ.Q.01.0318.C22.017157 сәйкестік сертификатының жарамдылығы расталады.
2013 жылы HACCP (Hazard analysis and critical control points – қауіптілікті талдау және бақылаудың маңызды нүктелері) қағидаттарына негізделген тамақ өнімдерінің сапасын басқару жүйесі енгізілді және ҚР 1179-2003 СТ талаптарына сәйкестік бойынша сертификаттаудан өтті.
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ-нда HACCP жүйесінің енгізілуі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында белгіленген шарттар мен заңнамалық талаптарға сәйкестікті растады және дәлелдеді.
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ менеджмент жүйелерінің сәйкестікті растау органы Алматы қ. филиалы инспекциялық және қайта сертификаттау бойынша жүргізілген аудит тексерісі аясында №KZ.Q.01.0318.C22.017157 сәйкестік сертификатының жарамдылығын жыл сайын растайды.
2016 жылдан бастап «ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы «Халал» талаптарына сәйкес келетін өнімдерді шығару құқығына ие болды. «Қазақстан Халал индустриясы» қауымдастығы шоколад, кәмпит, карамель, печенье, ирис, вафля, сондай-ақ шоколад өндірісінің жартылай дайын өнімдері кездесетін “ЛОТТЕ Рахат” АҚ өнімдерінің 237 атауының «Халал» стандартына сәйкестігін растады. Қауымдастық сарапшылары өндірістің барлық сатысын, сонымен қатар Шымкент өндірістік алаңын тексерді. Кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған шикізат пен ингредиенттер бойынша құжаттама мұқият талданды.
СЕРТИФИКАТ СООТВЕТСТВИЯ |
СЕРТИФИКАТ СООТВЕТСТВИЯ |