14.10.2021

Шоколадты кәмпиттер: түрлері, құрамы, пайдасы

Шоколадты кәмпиттерді мерекемен, балалық шақпен, қуанышты және бақытты сәттермен байланыстырамыз. Бұл керемет антидепрессант. Біздің өмірімізді кәмпитсіз елестету ендігі қиын. Бұл тәттілердің ассортименті кең болғаны сонша, әркім өзінің талғамына, көңіл-күйіне, өмір салтына сәйкес кәмпит таңдай алады. Бірақ бүгінгі таңда бізде осындай таңдау болуы үшін, кәмпиттер пайда болған кезінен бастап құрамын, пішін, дәмін жақсартып, ұзақ сапар кешті.

Латын тілінен аударғанда confectio сөзі «қолөнер бұйымы» дегенді білдіреді. Алғашқы кәмпиттер Ежелгі Египетте пайда болған. Ол кездері бұл халық өнеркәсібі болды. Құрма, інжір, өрікті балмен қайнатып, дәмдеуіштер қосқан. Содан кейін тәтті тағамды перғауынның шығуы кезінде таратқан.

Кәмпит шығару Үндістаннан Еуропаға қант әкелінген кезде жеке өнеркәсіптік салаға айналды. Кәмпиттер тіпті медициналық мақсатта пайдаланылды. Олардың көңіл-күйді көтеретінін байқап, әртүрлі ауруларға ем ретінде тағайындалды.

Біз білетін түрдегі алғашқы шоколадты кәмпиттерді 1671 жылы Плесси Пралине шығарды.

Шоколадты кәмпит түрлері

Бұл тәтті тағам пайда болғаннан бастап бүкіл әлемді жаулап алды. Әр ел шоколад өнімдерінің жаңа рецептерін ойлап табуда. Олардың алуан түрі болғандықтан, барлық кәмпит түрлерін тізімдеп шығу мүмкін емес.

Шоколадты кәмпиттердің салмасына байланысты негізгі түрлері:

  • пралинемен – қант пен май қосылған қуырылған жаңғақ қоспасы;
  • помадка – қант, сірне және сүт массасы;
  • желе қосылған – жеміс желе массасы;
  • суфле – жұмыртқаның ақуызы мен сироп қосылған қоспасы;
  • грильяж – қант қосылған ұнтақталған жаңғақтар;
  • трюфель кәмпиті – май мен кілегейден жасалған кремді салма;
  • ликермен – салындысына аз мөлшерде алкоголь қосылған тәттілер;
  • үлпілдек күрішпен – салма ретінде үлпілдек күріш қолданылады.

Кез келген салманың сырты шоколадпен қапталады, сондықтан бұл тәттілерді шоколадты  кәмпиттер деп атайды.

Шоколадты тәттілер даналап, таразымен өлшеніп, немесе қаптамада сатылуы мүмкін.

Шоколадты кәмпиттердің құрамыі

Жоғары сапалы шоколадты кәмпиттердің негізгі ингредиенттері – какао (ұнтақ немесе опа түрінде болуы мүмкін), қант, және ең қымбат компоненті – какао майы. Какао ұнтағы жылы климаттағы ағаштарда өсетін какао бұршақтарынан алынады. Бұршақтар мұқият іріктеліп, қуырылады және ұнтақталады. Нәтижесінде какао ұнтағы мен майының қоспасы пайда болады. Какао майы 32 ° C температурада ериді, сондықтан жақсы шоколад ауыз қуысында ериді. Бірақ оны көбінесе өсімдік майларымен алмастырғандықтан, бұл оның өндірісін арзандатып, тәттінің құнын төмендетеді. Егер кәмпиттердің беті күңгірт болса,бұл олардың құрамында соя бар екенін білдіреді.

Пайдасыі

Шоколадты тәттілердің жағымды дәмі ересектердің де, балалардың да көңілінен шығады. Бұл табиғи антидепрессант. Кәмпиттер бізге көбінесе күздегі жабырқау кезеңін немесе сәтсіз күнді жеңіл өткізуге көмектеседі.

Шоколадты кәмпиттердің артықшылықтары:

  • Көмірсулардың көп мөлшері ағзаны ұзақ уақыт өмір сүруге қажетті энергиямен қамтамасыз етуге көмектеседі.
  • Құрамында какаоның жоғары мөлшері бар тәттілер ағзадағы қабыну үдерістерімен күресіп, инфекцияларды бейтараптандыруға көмектеседі.
  • Шоколад құрамындағы көмірсулар қан түзу қызметіне қатысып, зат алмасуын жылдамдатады.

Шоколадтың пайдасы мен зияны туралы көп нәрсе айтуға болады. Дегенмен, барлығы да шоколадтардың желінетін мөлшеріне және құрамына байланысты. Жоғары сапалы тәттілерді таңдаңыз.

“Рахат” кондитер фабрикасының шоколадты кәмпиттері – арнайы таңдалған ингредиенттер болып табылады. Кәмпиттердің өндірісінде біз тек табиғи какао майын қолданамыз, оны пальма майымен алмастыруға жол бермейміз. Біздің кондитерлер барлық ингредиенттерді мұқият араластырып, оларды қалыптарға құяды. Біз дәстүрлерді сақтай отырып, жаңа рецептер әзірлейміз. Тіпті ең талғампаз клиент те өзіне ұнайтын нәрсені табады:

  • апельсин, жемістер, өрік қосылған грильяж;
  • шоколадтағы жемістер мен жидектер;
  • трюфель;
  • желелі кәмпиттері (шие, қарақат, апельсин салмасымен);
  • бұлғанған өзекті (суфле);
  • пралине және т.б.

“Рахат” шоколадты кәмпиттерінен ләззат алыңыз – нәзік құрылымы аузыңызда еріп, дәмі ұмытылмастай болады.