Рецептілер
Жаздың ыстық күнінде барбарис карамелінен жасалған дәмді салқындатқыш сусынның рецептісін ұсынамыз!
Сізге керегі:
1) Кез келген ыдысқа жидектерді салыңыз, үстіне қайнаған су құйып, оны суыту үшін мұздатқышқа қойыңыз;
2) Микротолқынды пеште немесе духовкада 3 дана барбарис карамелін ерітіп, оған 1 ас қасық су қосыңыз;
3) Шәрбат пен газдалған салқын суды және тоңазытылған жидектерді қосып, араластырыңыз.
Ас дәмді болсын!
Шоколад салмасы бар таяқшадағы айрықша печеньелер – кез келген дастарханның сәні.
Осындай керемет таяқшадағы печеньелердің 20 данасын дайындау үшін сізге:
1) 200 г ұн
2) 100 г қатты сары май
3) 50 мл суық су
4) бір шымшым тұз
5)1 жұмыртқа
6) салма жасау үшін шоколад қажет
- Табаққа ұн мен тұзды араластырып, үстіне майды үккішпен үгітіп саламыз. Содан соң су қосып, илейміз. Қамырды екі сағатқа тоңазытқышқа қоямыз.
- Қамырды жайып, стақанмен немесе формалармен дөңгелек етіп оямыз. Дөңгелекшелердің жартысына микротолқынды пешке немесе буға ерітілген шоколадты құямыз. Дөңгелектің ортасына ағаш таяқшаларды кіргіземіз.
- Дөңгелекшелердің шетіне бұлғанған жұмыртқаны жағамыз. Ортасына жүрекше немесе жұлдызша қылып оюға болатындай екінші дөңгелекшемен жабамыз. Шанышқымен шеттерін бекітеміз. Печеньелерге бұлғанған жұмыртқаны жағып, қалауымызша үстіне қант себеміз.
- Печеньенің түсі сарғайғанша 200 градуста 25 минут пісіру керек.
Ас дәмді болсын!
Брауни
Сіздерге тамаша браунидің жеңіл рецептісін ұсынамыз. Шоколадқа деген құмарлықты жою мүмкін емес, бірақ оның керегі не?
1) Отты күшейтпей, қоңыр шоколад пен сары майды қасықпен араластырып, табаға ерітіңіз.
2) Бір ыдысқа ұн, қант, какао, жұмыртқа, ваниль сығындысы мен зімбір қоспасынжәне жұпар (мускат) жаңғағын бірге салыңыз.
3) Олардың үстіне дайын болған ыстық шоколад пен май қоспасын құйып, қамырды жақсылап, бір қалыпты етіп араластырыңыз.
4) Брауниді пісіретін қалыптың түбі мен қабырғасына пергамент қағазын төсеңіз.
Қамырды қалыпқа құйып, қасықпен бетін тегістеп, 160 градуста 30 минут пісіріңіз.
Иристен жасалған «Лездеме» чак-чагы.
Ирис пен жүгері таяқшаларынан нағыз чак-чак дайындауға болатынын білесіз бе? Оны жасауға болады екен! Құрамы да қарапайым:
1) «Рахаттың» кез келген ирисін жұмсақ, біртекті қалыпқа келгенше ерітіңіз.
2) Жүгері таяқшаларын ыдысқа салыңыз.
3) Таяқшалардың үстіне еріген иристі құйып, мұқият араластырыңыз. Міне, бәрі дайын!
Тәрелкеге салынған “Лездеме” дәмі – дастарханыңыздың көркі! Тағам тәтті болсын!
Зефир
Барлық балалар мен ересектердің сүйікті тәтті тағамы – балмұздақ, әрине!
Қазір ауа райы қолайлы болғандықтан, біз сіздерге зефирден өте дәмді балмұздақ дайындау рецептісін ұсынамыз!
1) Блендерде жемістерді үгітіңіз.
2) Құнарландырылған сүтпен «Рахат» зефирін араластырып, шұңғыл ыдысқа ерітіңіз.
3) Үгітілген жемістерді шұңғыл ыдысқа салып, біркелкі қоспа деңгейіне жеткізіңіз.
4) Болған массаны формаларға құйып, тоңазытқыштың камерасына орналастырыңыз.
3-4 сағаттан кейін тәтті тағам дайын! Астарыңыз дәмді және денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Какао- сусыны
Сізге керегі:
1) 1 стақан (200г) сусын дайындау үшін 1-2 шай қасық какао ұнтағын 2-3 шай қасық қантпен араластырыңыз;
2) Алынған қоспаға аз мөлшерде ыстық сүт қосыңыз;
3) Дайындалған қоспаға ыстық сүт құйып, қайнағанша ысытыңыз.
Өз рецептіңізді жіберіңіз