31.05.2021

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен компания «ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы болып қайта аталды

2021 жылғы 18 мамырдан  бастап біздің компаниямыздың  «Рахат»  акционерлік  қоғамы  атауы  «ЛОТТЕ Рахат» акционерлік  қоғамы  болып  өзгергенін  хабарлаймыз.  Компания  атауының  өзгеруіне  байланысты  оның  мөрі,  мөртабандары  мен  фирмалық  бланкісі  өзгерді. Компанияның  банкілік  деректемелерімен  қоса,  басқа да мәліметтері  бұрынғыша,  өзгеріссіз  қалдырылды. Компания  ұйым  атауының  өзгеруіне дейінгі өзіне жүктеген  міндеттемелері  мен  құқықтарын  жүзеге асырып, өз қызметін одан әрі жалғастыра  береді.