14.08.2010

Қызылағаш ауылындағы жан түршігерлі

«Рахат» АҚ жұмыскерлері ағымдағы жылдың 11 наурызында бөгеттің бұзылуы салдарынан жапа шеккен Қызылағаш ауылындағы жан түршігерлік оқиғаға бей-жай қарай алмады. Басқаның қайғысына селқос қарай алмайтын жандардан санаулы күндер ішінде жанашырлық жәрдемақы жиналды.Работы по реконструкции  Бұл акцияға еншілес кәсіпорындардың жұмыскерлері де атсалысты. Қоғам басқармасы жиналған қаражатты ауылдық амбулаторияны қайта қалпына келтіру мақсатында жұмсауға шешім қабылдады. Палата дневного стационара

Міне, енді төрт ай өткен соң, қайта жөнделген ғимарат есігі айқара ашылды. Қос қабатты әдемі әрі жарық ғимарат бүгін алғашқы келушілерін қабылдады. Терапевт, гинеколог кабинеттері, шымыр бала бөлмесі, ем жасайтын бөлмелер айнадай жарқырайды, күндізгі стационардың бес кереуеттік бөлек жабдықталған палатасын ашу алдын ала қарастырылды.

Дәрігерлік амбулатория «Рахат» АҚ-ның қайырымдылық көмегі ретінде бөлінген өз қаражаты есебінен және Алматы кондитер фабрикасы жұмыскерлерінің күшімен жаңғыртылды.