ПРЕСС-РЕЛИЗ
Алматы, 2024 жылғы 19 желтоқсан. Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында «ЛОТТЕ Рахат» АҚ экспорт жөніндегі директоры Камиль Миррахимовтың Венесуэла Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ло Буэ Антико Росальбамен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар кондитерлік өнімдерді Венесуэлаға экспорттау саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіншіліктері, сондай-ақ елімізге кондитерлік өнеркәсібі үшін қажетті стратегиялық шикізатты жеткізу мүмкіндіктерін талқылады. Росальба ханым Венесуэланың ынтымақтастық құруға әлеуеті зор екенін атап өтті.
«Венесуэла қант, какао, кептірілген жемістер және басқа да өнімдердің ірі экспорттаушысы болып табылады. Біздің еліміз мұндай тауарларды Қазақстанға жеткізуге мүдделі. Біздің нарық – Латын Америкасы мен Кариб бассейнін қамтиды, бізде арнайы экономикалық аймақ құрылған және біз мүдделі компанияларды нарығымызға шығуға шақырғымыз келеді. Бұдан бөлек, біз «РАХАТ» өнімдерімен танысып өттік және оны өз елімізде де көргіміз келеді».
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ сапары аясындағы кездесудің соңында Елші осы мәселелерді талқылау жалғасын табады деген үміт білдірді.