13.03.2015

Пресс-релиз

2015 ж.13 наурыз 
Алматы қ.

Соңғы кезде қазақстандық баспасөзде «Рахат» АҚ-нда 500-ден аса жұмыскерлердің мәжбүрлі демалыстарға жіберілгеніне қатысты бірқатар мақалалар жарияланды. Алайда ондағы мәліметтер асыра берілген, нақты жағдайға сәйкес емес, шындыққа жанаспайды. Компания басшылығы осыған байланысты өткізілген брифинг барысында аталған жағдай бойынша пікір айтып, өз көзқарасын білдірді.
Өткен жылдан бері өндірістік цехтар үздіксіз жұмыс тәртібімен жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап компания өндіріс көлемін қайта қарап, жұмыскерлерді басқа жұмыспен қамту мақсатында, бірнеше цехтардағы жаз мезгілінде өткізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарын ақпан айына ауыстыруға мәжбүр болды. 
Компания «Рахат» АҚ, Алматы қаласының кәсіподақ орталығы мен Медеу аудандық әкімдігі арасында жасалған, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу және кәсіпорын жұмыскерлерінің мүдделерін қорғау бағытындағы әлеуметтік серіктестік туралы Меморандумға қол қойған. 
Кез келген компания, кез келген кәсіпкер өз бизнесін нарықтағы ағымдық жағдайға қарай бейімдейді. Компания өз қызметін қабылданған бюджет негізінде жүзеге асырады әрі оны орындау үшін барлық шараларды қолданады. Мысалы, өндірістің үздіксіз, тоқтаусыз жұмыс істеуі және қоймаларда өнімдерді қалдырмас үшін, сондай-ақ ресейлік арзан өнімдер аясында өзіміздің өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын кондитерлік өнімдердің белгілі бір тобын сатып алуға жеңілдіктер беру түрінде бірқатар жарнамалық және маркетингтік акциялар өткізді. Ағымдағы жылғы ақпан айының екінші жартысында дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы әзірленіп, басқа барлық бизнес-құрылымдар сияқты операциялық шығындарды қысқарту жоспарланды және кейбір жобалардың іске асырылуы кейінгі мерзімге шегерілді. Бұған қоса экономикадағы қалыптасқан жағдайға қарамастан, компанияның Шымкенттегі қосымша жаңа өндіріс орнын іске қосу жобасын жүзеге асыруды тоқтатпағанын атап өткен жөн. Осы жылдың қыркүйек айында жаңа бисквит цехын іске қосып, 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарда көзделген. Аталған жоба – Шымкент қаласындағы жылына 50 мың тоннаға дейін өнім беретін қуатпен жұмыс істейтін өндіріс алаңын ұйымдастыруға қатысты инвестициялық жобаның бірінші сатысы. 
Артық қаражат шектеулі қазіргі жағдайда мемлекет басшысы жариялаған және ЕДБ (екінші деңгейдегі банк) арқылы жылына 6%-бен Қазақстан даму банкісін қаржыландыру түрінде отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша іске асырылып жатқан бағдарламаның көмегі көп. Бұл шара – бизнеске дер кезінде және айтарлықтай дәрежеде көрсетілген қолдау.
Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өткен екі айдың қорытындысы бойынша сатылым көлемі 7 %-дан артық мөлшерге төмендеді. Мұндай жағдайда өнімге деген сұраныстың арзанырақ тауар жаққа қарай ойысқанын айту керек, себебі тұтынушының қалауы орынды және оған толық негіз бар. Сондықтан компания барлық күш-жігерді ресейлік компаниялармен лайықты бәсекеге түсуге жұмсайды, осы бағытпен жұмыс жүргізеді. Аталған мәселелерді шешу үшін біз бизнесті қолдау және дамыту мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларға сүйенеміз, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мен Алматы қ. Кәсіпкерлік басқармасы тарапынан да бізге көмек берілуде.