09.10.2019

2019 жылдың 2 қазанында «Рахат» АҚ-ның баспасөз конференциясы өтті.

«Рахат» компаниясы халықаралық кондитерлік нарықтағы аясын кеңейтуде

2019 жылдың 2 қазанында Алматы қаласындағы Есентай галереясында «Рахат» АҚ-ның Басқарма Төрағасы К. Федорецтің баспасөз конференциясы өтті.
Мұнда компания қызметінің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижелері баяндалды.
«2019 жылдың бірінші жартыжылдығы компания үшін белсенді даму және трансформация кезеңі болды. Шымкентте жаңа өндірістік желінің іске қосылуының арқасында өнімдерді шығару қуатын 2 400 тоннаға ұлғайттық. «Рахат» ағымдағы өнімдер желілерінің позицияларын нығайту және жаңа секторларға шығу есебінен сала көшбасшысы тұғырынан түскен жоқ. Біз трендтерді бақылап, тұтынушының көңіл-күйіне барынша жылдам жауап қайтаруды жалғастырудамыз», деді К.Федорец.
Басшының айтуынша, «Рахат» жаңа нарықтарды одан әрі игеруде. Экспорт көлемдері бойынша көшбасшылық орынды Ресей иеленуде, оған компанияның бүкіл экспортының 61%-ы тиесілі. Бұдан кейінгі орындарға Қырғызстан (15%), Тәжікстан (6%) және Өзбекстан (7%) жайғасуда. Қытай нарығы белсенді түрде дамытылуда. Бұл елге өнімдерді жеткізу қарқыны соңғы жылы 477,1%-ды құрады. Кәсіпорынның өнімдері ұсынылған елдер тізіміне Ирак енді – бұл елге таяуда бірінші партия жөнелтілді.
Экспорт нарықтары жоғары өсу қарқынын көрсетуде, ал шетелге өнімдерді жеткізу көлемі компанияның бүкіл сату көлемінің 25%-ын құрауда.
Басқарма Төрағасының деректері бойынша «Рахат» АҚ-ның жалпы нарық көлеміндегі үлесі жиынтық көлемге шаққанда 24%-ға жетті. «Біздің басты өніміміз шоколад нарығы үлесінің 7%-ға ұлғаюын ерекше атап өткім келеді, бұл тоннаға шаққанда 20%-ды, ал ақшамен өрнектегенде 29%-ды құрайды».
Кондитерлік өнімдер нарығының трендтері туралы сөз қозғаған Константин Викторович тұтынушылардың фабриканың плитка шоколадтары санатына қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Бұл ретте, ол криспи салындысы бар плитка шоколадтың іске қосылуы туралы баяндады, сондай-ақ «Almaty» кеуекті шоколадының жаңартылған сұрыпталымын таныстырды.

«Рахат» АҚ Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып қалуда. Қазіргі таңда компанияда 4200-ден астам қызметкер еңбек етеді. Бұған қоса, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Мәселен, жаңа жылдық сыйлықтар өндірісін іске қосу үшін жаңа 90 қызметкер жұмылдырылған.
Баспасөз конференциясына 30-дан астам бұқаралық ақпарат құралдары өкілі мен блогер аккредиттелді.