«Жыл кәсіпкері 2011»
2011 ж. 4 маусымда Монте-Карлода «Эрнст энд Янг» компаниясы ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері 2011» халықаралық байқауы қатысушыларын марапаттау рәсімі болды.
Қазақстандағы 2010 жылғы байқаудың ұлттық сатысының Жеңімпазы – «Рахат» компаниясының президенті Анатолий Попелюшко 2011 жылы 2-5 маусымда Монте-Карлода өткен байқаудың халықаралық финалында елімізді таныстырды.
«Байқауға қатысу біздің компанияның ғана емес, әлемдік қауымдастықтың ашықтығы мен қалың шоғырына ұмтылатын елдер сияқты Қазақстанның да жетістіктері мен табыстарын көрсетуге мүмкіндік берді»,- дейді Анатолий Попелюшко. – «Біздің жетістіктеріміз – қазіргі заманғы озық технологияларды, жабдықтарды және ұжымның жаңашыл әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, өз ісімізді дамытуға жұмсайтын күш-жігеріміздің айғағы. Бұл әлемдік жетекші өндірушілермен бәсекеде белдесе алатындай өнім шығаруға мүмкіндік берді».
«Жыл кәсіпкері» – кәсіпкерлік саласындағы ең беделді халықаралық сыйлықтардың бірі. Өз идеяларымен өзгелерді қызықтырып, құлшыныс – қиялымен баурап алатын, шығармашылық әлеуеті жоғары адамдардың кәсіпкерлік қызметтегі табыстарын танытуда бұл марапат өзінің тиімді тәсілімен ерекшеленеді.
«Эрнст энд Янг» компаниясы тапсырған «Жыл кәсіпкері» сыйлығы – табысты, қарқынды дамып келе жатқан бизнестің негізін қалап және оған басшылық жасайтын тұлғаларға берілетін халықаралық сыйлықтың алғашқысы әрі бірегейі. Лайықты жетекшілердің барлығын бағалау үшін бұл марапат аймақтық, ұлттық, халықаралық деңгейде әлемнің 140-тан аса қалалары мен 50 елінде беріледі.