12.03.2009

«Жыл кәсіпкері»

2009 жылы 12 наурызда «Эрнст энд Янг» компаниясының ұйымдастыруымен «Жыл кәсіпкері» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. «Эрнст энд Янг» – компаниясы аудит, салық салу және құқық, мәмілелер жөнінен және бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру саласында халықаралық көшбасшы болып келеді.

 

«Жыл кәсіпкері» байқауының тарихы 1986 жылы «Эрнст энд Янг» компаниясы оны алғаш рет АҚШ-та өткізген кезден басталады. Уақыт өте келе байқау бүгінгі күні барлық континенттердегі 50 елдің 135 қаласын қамтыған бірегей халықаралық бағдарлама дәрежесіне көтерілді. Оның жыл сайынғы алған марапаттары бүкіл әлем бойынша бизнестің көрнекті көшбасшыларының жетістіктерін айқындайды.

 

«Жыл кәсіпкері» байқауының негізгі міндеті – қазіргі заманғы экономикадағы кәсіпкерліктің маңызына қоғам назарын аудару және өскелең ұрпаққа шынайы үлгі болу құқығына ие, жалынды әрі дарынды кәсіпкерлерді күллі әлемге таныстыру.

 

«Жыл кәсіпкері» байқауының жеңімпаздары – әлемдік деңгейдегі компания құра білген және басқа елдердің үздік кәсіпкерлерімен тең дәрежеде бәсекелесуге қабілетті көрнекті Award тұлғалар. Конкурсқа қатысушы елдердің бәрінде өткен жылдар байқауының жеңімпаздарынан, тәуелсіз сарапшылардан және іскер топтардың белгілі өкілдерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздарды таңдау шарттары ретінде сандық көрсеткіштер – компания айналымының өсу жылдамдығы, кіріс пен жұмыс орны санының артуымен қатар, сапалық көрсеткіштер – іскерлік тәжірибедегі жаңашылдық дәрежесі, айрықша өнім әзірлеу, маркетинг пен өткізу саласындағы шығармашылық шешімдер, ұлттық және халықаралық нарықты игеру дәрежесі, қызметкерлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

 

Тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен «Ішкі нарық көшбасшысы» атағы бойынша «Жыл кәсіпкері» байқауының жеңімпазы болып «Рахат» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы Анатолий Висханович Попелюшко жарияланды.