20.04.2011

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевқа

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сізді өткен Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлаудағы сөзсіз жеңіске жетуіңізбен Қазақстан тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындары ұжымдары атынан құттықтаймыз!
Кәсіпкерлікті дамытудағы Сіздің ойларыңыз бен бастмамаларыңызды біз әрқашан қолдадық және экономика мен халықтың тұрмыс жағдайының өркендеуіне бағытталған даму стратегиясы мен қабылданған барлық бағдарламаларды Ұлт таңдаған Көшбасшы ретінде соңына дейін жеткізесіз деп сенеміз.
Сіздің ЕуроАзЭО пен Кеден Одағын дамыту жөніндегі бастамаларыңыздың іске асуы экспорттың кеңеюіне жол ашып, Қазақстан тамақ кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін нығайтты.
Сондай-ақ, біз Сіздің басшылығыңызбен ғана экономиканың қайта өңдеу саласын дамытудағы белгіленген міндеттерді шешудің жүзеге асатындығына сенімдіміз.
Жоғары қызметте Сізге шын жүректен денсаулық пен жемісті еңбек тілей отырып, Қазақстанның әлемдік ынтымақтастықтағы қазіргі орны мен беделін одан әрі нығайта түсетін Сіз жүргізіп отырған экономикалық және ішкі саясатты біз әрқашан қолдайтынымызға сендіреміз.

Құрметпен,
Басқарма Төрағасы
А.В. Попелюшко