25.11.2009

«Петерфуд» көрмесі

Қазіргі уақытта тамақ өнімдері нарығы Санкт-Петербург пен РФ Солтүстік-батыс аймағын тұтас алғанда, осы өңірдегі қарқынды дамып келе жатқан экономика саласына жатады және жоғары деңгейдегі бәсекелестігімен, кәсіпкерлік белсенділігімен, жағымды инвестициялық ахуалымен өзіндік сипатқа ие.

Ағымдағы жылдың қараша айында «Рахат» АҚ осы аймақ нарығында азық-түлік тауарларын тарату жағынан тиімді құрал болып саналатын «Петерфуд» көрмесіне қатысты.

Көрмеге келушілерге фабриканың әр алуан сұрыпталымдағы кондитерлік өнімдері таныстырылды. Экспозицияға қойылған кондитерлік өнімдердің тартымдылығы және дайындау технологиясы мен пайдаланылатын ингредиенттердің жоғары деңгейіне байланысты оларды тұтыну ерекшеліктері келушілердің стендіні тамашалауға деген үлкен қызығушылығын туғызды.Петерфуд_2 Бұған қарапайым питерліктер сияқты, ірі көтерме сауда фирмаларының өкілдері, желілік байланыс ритейлерлері, сауда орталықтарының қожайындары ащы және сүт шоколадтың, әр түрлі салмасы бар шоколад кәмпиттер мен карамельдердің дәмін татып, көз жеткізді. Құрастырылу шеберлігімен, материалдарының өзгешелігімен, сондай-ақ қымбат безендірілуімен, ұлттық рәміздерімен ерекшеленген сувенирлік қаптамадағы кондитерлік өнімдерге қызығушылық арта түсті.

Көрмедегі жеке-дара сұхбаттасу, қабілет-қарымымызды стендті сенімді түрде паш ету өзара келісімдердің бастамасы болды және көптеген Ресей фирмаларымен келешекте серіктес болуға жол ашты.