12.05.2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УЛТТЫҚ БАНКІНІҢ «РАХАТ» АҚ АКЦИЯЛАРЫ ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ БАСЫЛЫМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУІ

1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгеріс енгізуге негіз болатын эмитент органының шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған органның атауы – «Рахат» АҚ Басқарма мүшесі О.Г. Плотниковтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» мәселе бойынша «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі (2015ж. 02 сәуірдегі № 2 хаттама). 
2) «Рахат» АҚ акциялары шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістердің мазмұны (мәні) – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі «Рахат» АҚ Басқарма мүшесі О.Г. Плотниковтің өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты 2015 жылғы 27 сәуірде «Рахат» АҚ акциялары шығарылымы анықтамалық басылымының 13, 19 тармақтарына енгізілген өзгерістерді тіркеуден өткізді.