«ЛОТТЕ Рахат» компаниясы туралы

«ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы – 80 жылдан аса тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі.

Мәскеу мен Харьковтан соғыс кезінде көшіріліп әкелінген жабдықтарды қолдана отырып, кондитерлік өнімдер шығара бастаған алғашқы өндіріс 1942 жылы ликер-арақ зауыты алаңдарында ұйымдастырылды.

1992 жылы Алматы кондитерлік фабрикасы «Рахат» акционерлік қоғамы болып аталды.

2013 жылы Оңтүстік Кореяның жетекші «LOTTE Confectionery» кондитерлік компаниясы «ЛОТТЕ Рахат» АҚ акцияларының басым бөлігін иеленді. 2019 жылы «LOTTE Confectionery» «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ның айналымдағы акцияларын сатып алып, өз үлесін 95,57 %-ке дейін жеткізді.

2021 жылғы сәуір айында «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша компания атауы «ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

«ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамында 4500-ге жуық адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі өндіріс алаңында  орналасқан.

Компания өндірістің жан-жақтылық сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын қайта өңдейтін жеке желісінің болуына орай отандық өндірушілер арасында сан алуан кондитерлік өнім түрлерін шығаруымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ның өнім қоржынын 400-ден астам атауы бар, 14 түрлі топқа жататын түрлі кондитерлік өнімдер құрайды.

«ЛОТТЕ Рахат» АҚ – қант диабетімен ауыратындарға арналған арнайы өнімдер шығаруды игерген Қазақстандағы жалғыз кондитерлік кәсіпорын. Өнім ассортиментін  калориясы төмен және құрамындағы қант табиғи шикізатпен алмастырылған шоколад, кәмпит, печенье және вафля өнімдерінің бірнеше түрі құрайды. «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім  өндірушілерден басты ерекшелігі – алуан түрлі шоколад өнімдерін өндіруде басымдық танытуы.

Кәсіпорында бірыңғай жүктелетін жауаптылық пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделе ұйымдастырылған сапаны іштей бақылау жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе өндірістің әрбір кезеңінде шикізат пен өнімдердің сапасын қадағалайды. Кәсіпорында 2013 жылдан бері сапа менеджменті жүйесі енгізіліп, сертификаттаудан өткен.

2013 жылы HACCP қағидаттарына негізделген тамақ өнімдерінің сапасын басқару жүйесі (HACCP – Hazardanalysisandcriticalcontrolpoints  – қауіптілікті талдау және бақылаудың маңызды нүктелері) енгізілді және ҚР 1179-2003 СТ мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкестік бойынша сертификаттаудан өтті.

Бұл жүйені енгізудің негізгі мақсаты қауіптілікті талдау және қауіпті бақылау нүктелері арқылы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын реттейтін Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»                                КО 021/2011 ТР техникалық регламентін қабылдау және қолданысқа енгізу болды. «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ына  HACCP жүйесін енгізу  өндірістің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында белгіленген шарттар мен заңнамалық талаптарға сәйкестігін растап, айқындады.  Жыл сайын «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ  МЖСРО Алматы филиалы  инспекциялық аудит тексерісі аясында № KZ.Q.01.0318.C22.017158 сәйкестік сертификатының жарамдылығын растайды.

Энергия тиімділігін арттыру мақсатында «ЛОТТЕ Рахат»  АҚ-нда 2014 жылы ИСО 50001:2011 энергия менеджменті жүйесі әзірленді және енгізілді. Жүйенің енгізілуі «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ында кәсіпорынның энергия қорын пайдалануды мыналар: энергия ресурстарының анықталған тиімсіз шығындарын жою және энергия үнемдеуді операциялық тұрғыдан жүзеге асыру; кәсіпорында энергия қорын тұтыну нормаларын есептеу және жоспарлау жүйесін қолдану;  кәсіпорынның энергетикалық паспортын әзірлеу; энергетикалық қызметке байланысты атмосфераға ЛЗ-ның (ластайтын заттардың) бөліну, таралу деңгейін реттеу және микроклиматты жақсарту арқылы азайтуға мүмкіндік береді.

2016 жылдан бастап “ЛОТТЕ Рахат” акционерлік қоғамы Халал талаптарына сәйкес келетін өнімдерді шығару құқығына ие болды. “Қазақстан Халал индустриясы” қауымдастығы шоколад, кәмпит, карамель, печенье, ирис, вафля, сондай-ақ шоколад өндірісінің жартылай дайын өнімдері кездесетін “ЛОТТЕ Рахат” АҚ өнімдерінің 186 атауының «Халал» стандартына сәйкестігін растады. Қауымдастық сарапшылары “ЛОТТЕ Рахат” АҚ өндірісінің барлық сатысын, сонымен қатар Шымкент өндірістік алаңын тексерді. Кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған шикізат пен ингредиенттерге арналған құжаттамаға мұқият талдау жүргізді. Біздің өнімдеріміз отандық нарықпен қоса жақын және алыс шет елдер  нарығында да танымал. “ЛОТТЕ Рахат” АҚ ішкі нарықта өз өнімдерінің барынша қолжетімді болуын көздейді. Республиканың барлық ірі қалалары мен облыс орталықтарында компанияның сату жүйелері болғандықтан, “ЛОТТЕ Рахат” АҚ сату географиясы бүкіл Қазақстанды қамтиды. Өнімдерді Алматы қаласы бойынша сату ірі көтерме сауда бойынша сатып алушылар, сонымен қатар фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы жүзеге асырылады.

Республиканың басқа аймақтарында «ЛОТТЕ Рахат» АҚ өнімдерінің қолжетімділігі сапалы фирмалық өнімдерді өткізумен айналысатын ауқымды дистрибьюторлық желі құру (еншілес ұйымдар) арқылы қамтамасыз етіледі.  Қазіргі уақытта «ЛОТТЕ Рахат» АҚ өнімдері тек Қазақстан нарығында ғана емес, республика шекарасынан тыс жерлерде – Ресей, Германия, АҚШ, Франция, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия, Қытай, Ауғанстан мен Моңғолия елдерінде де танымал. «ЛОТТЕ Рахат» АҚ өнімдеріне ТМД-ның басқа республикалары мен шет мемлекеттердің қызығушылық танытуына байланысты келешекте компания экспорт көлемін арттыру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтып, өнім өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.

Жыл сайын кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалақы мөлшерін ұдайы арттыру көзделген. Жұмыскерлермен өндірістік қарым-қатынас «Жұмыскерлер мен Жұмыс беруші арасындағы ұжымдық шарт» негізінде жүзеге асады, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің барлық талаптарын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды сақтау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорын жұмыскерлерінің толыққанды және өнімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасалған. Бірінші, екінші, үшінші ауысымдағы жұмысшыларға ыстық тамақ беретін асхана, жоғары санатты дәрігерлерден құралған медициналық бөлімше жұмыс істейді. Түрлі сала мамандарын даярлау және олардың біліктілігін  арттыру  жүйелі  түрде  жүргізіледі.