«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2009 жылғы 21 шілдеде болған акционерлердің жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімдері туралы хабарлайды. Дауыс беруге қатысқан дауыстардың саны 2 761 709 дауыс (дауыс беруші акциялардың жалпы санынан 76,71 %). Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер…
«Рахат» АҚ-ының фирмалық екі шағын көтерме сауда дүкені ашылды
Бөлшек саудамен айналысатын қалалық кәсіпорындарға өнім өткізу үшін «Рахат» АҚ-ының фирмалық екі шағын көтерме сауда дүкені ашылды. № 2 дүкен «ВАЗ» аумағында, Майлин к-сі, 84 үйде, № 3 дүкен Кіші станица аумағында, Халиуллин к-сі, 34 үйде орналасқан.
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі хабарлайды
«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі 2009 жылғы 21 шілдеде сағат 16.00-де мына мекен-жай бойынша акционерлердің кезекті жылдық жалпы жиналысы болатындығы туралы хабарлайды: 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а. Күн тәртібі: 1. «Рахат» АҚ есеп комиссиясының құрамы және өкілеттік мерзімі туралы. 2.…
Special Olimpics
«Рахат» АҚ қайырымдылық акциялары – кәсіпорынның жалпы әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Халықаралық балаларды қорғау күнінде мұндай акцияларды өткізу алматылық кондитерлердің дәстүрлі дағдысына айналды. «Болашақ» балалар – жасөспірімдер клубтарының Мемлекеттік емес қоғамдық бірлестігі өткізген «Балалар ғаламшары» фестивалінің екі мыңнан астам қатысушылары тәтті…
«Рахат» АҚ-ның фирмалық ұсақ көтерме сауда дүкені Алматы қаласында ашылды
Бөлшек саудамен айналысатын қалалық кәсіпорындарға өнім өткізу үшін «Рахат» АҚ-ның фирмалық ұсақ көтерме сауда дүкені Алматы қаласындағы «Көк базар» аумағында ашылды. Дүкен «Түркістан» сауда кешенінің ауласында мына мекенжай бойынша орналасқан: М. Мақатаев к-сі, 49, Есенов к-сінен кіреді.
«Жыл кәсіпкері»
2009 жылы 12 наурызда «Эрнст энд Янг» компаниясының ұйымдастыруымен «Жыл кәсіпкері» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. «Эрнст энд Янг» - компаниясы аудит, салық салу және құқық, мәмілелер жөнінен және бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру саласында халықаралық көшбасшы болып келеді.…
дәстүрлі ISM 2009 кондитерлік және бисквит өнімдерінің 39-шы Халықаралық мамандырылған көрмесі
2009 жылғы ақпанның 1 мен 4 аралығында Кёльн қаласында (Германия) «Рахат» АҚ қатысқан, дәстүрлі ISM 2009 кондитерлік және бисквит өнімдерінің 39-шы Халықаралық мамандырылған көрмесі өтті. ISM 2009 — бұл соңғы жылдары осы саладағы басты бағыттарды, өңделген технологияларды және жаңа өнімдерді…