«Ажар» әйелдер жетістіктеріне қоғамдық құрмет ұлттық сыйлығы»
2012 ж.10 желтоқсанда «Рахат» АҚ Қазақстан Іскер әйелдер ассоциациясы Президенті Р.Б. Сәрсембаева ««Ажар» әйелдер жетістіктеріне қоғамдық құрмет ұлттық сыйлығы» байқауының қорытындылары бойынша бас технолог Н.М. Хильчукке ескерткіш мүсінді табыс етті. Р. Сәрсембаева ханым өз сөзінде қарқынды қызмет атқарып, өміршең бағыт ұстайтын, асқан азаматтық пен елжандылықтың
үлгісі – әйелдердің қазіргі қоғамда айрықша орын алатынын атап өтті.
«Ажар» сыйлығы – еліміздегі өз қызметіне адал да шынайы, ерен еңбектің жаршысы, үлкен қадір-құрметке лайық әйелдерге арналған басты қоғамдық сыйлық.
Құрметті Наталья Мироновна!
«Рахат» акционерлік қоғамының басшылығы мен барлық ұжымы жемісті жеңісіңізбен шын жүректен құттықтап, Сізге зор денсаулық, бақыт пен береке тілейді. Бай тәжірибеңіз, жоғары кәсіби шеберлігіңіз бен өз ісіңізге деген адалдығыңыз алға тартып, компаниямыз бен еліміздің өркендеуіне әлі де ұзақ жыл үлес қосып, биіктерден таныла беріңіз!