14.09.2020

“Рахат” фабрикасында озық үлгідегі дүкен ашылды!

Қымбатты достар! Ұзақ жылдар бойы бізді бренд ретінде бағалаған, берік ұстанымдарыңыз
үшін Сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары
деңгейіне жетуге бағытталғанымыз туралы хабарлай отырып, Сіздерді жаңа бейнедегі “ескі”
дүкенімізбен таныстырмақпыз. Біз сіздердің қымбат уақыттарыңызды неғұрлым үнемдеуге
мүмкіндік беретін, қызмет көрсетудің егжей-тегжейлі ойластырылған, жаңа түрін енгіздік. Дүкен
іші бұрынғыдан да жарық болуымен қатар айтарлықтай кеңейді. Сұрақтар туындаған жағдайда
біздің тәжірибелі сатушы-кеңесшілеріміз Сіздерге әрдайым көмек беруге дайын.
“Дүкен касса қызметкерлері жетіспей, сырттан басталатын іштегі кезекті ұзақ күтуге тура
келетін “ескі” үлгіде 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеді. Дизайнды өзгертіп, келушілерге
көрсетілетін қызметті жақсартуға көңіл қоятын кез келді. Осы орайда дүкен кеңістігін ұлғайту, оны
көңілге қонымды, қолайлы, жүйелі ету көзделді”,- деп атап өтті “Рахат” АҚ Басқарма төрағасы
Константин Федорец.
Өндірістен жаңа шыққан барлық өнімдерімізді қала тұрғындары мен қонақтары Жібек
жолы к-сі мен Қалдаяқов к-сінің қиылысында орналасқан № 7 дүкеннен таба алады. Сіздерді
аталған дүкенімізде күн сайын, сағат 8.00-ден 21.00- ге дейінгі аралықта асыға күтеміз.