02.02.2010

Кондитерлік өнімдердің жыл сайынғы ISM 2010 халықаралық көрмесі

2010ж. 31 қаңтардан 3 ақпанға дейін «Рахат» АҚ Германиядағы Кельн қаласында өтетін кондитерлік өнімдердің жыл сайынғы ISM 2010 халықаралық көрмесіне қатысты. Кондитерлік өнімдердің бұл ірі көрмесі 2010 жылы өзінің 40 жылдығын атап өтті. 2009 жылғы статистикалық мәліметтер көрменің ауқымдылығы мен танымалдығын нақтылай түседі. ISM 2009 көрмесіне 150 елден 33000 маман тартылды, келушілер назарына 1351 көрме стендісін ұсынды, 66 ел сатып алушыларды өз өнімдерімен таныстырды. Көрме көрсеткілерінің жалпы аумағы 100 000 кв.м асып түсті.Кельн_1

«Рахат» АҚ-ының экспортқа негізделген өнім үлесін ұлғайту шешімі ұсынылған өнімнің кең экспозициясы арқылы көрініс тапты. Қабырғалық көрсеткінің ауқымдылығы, оның ерекше әрі өзіне тән белгілерімен танылатын безендірілуі мен көркемдігі көптеген келушілердің назарын аударды. Көрсетілген өнім сұрыпталымының алуан түрлілігі, олардың дәмін татып көру, сапасын бағалау мен өндірістің технологиялық ерекшеліктерін талқылау мамандардың қатты қызығушылығын тудырды.

Кельн_2 ISM көрмесіне әлемнің түкпір-түкпірінен кондитерлік өндірістің сан мыңдаған кәсіби мамандары алдыңғы қатарлы ағымдарды талқылау үшін көрмеге жиналатындығын ескерсек, бұған «Рахат» АҚ-ының жыл сайын қатысуы біздің кондитерлік өнімдер деңгейінің жоғарылығын талассыз растай түседі.Кельн_3 Премиум-классты ақ шоколад кәмпиттердің жаңа тобының презентациясы экспозициядағы орталық орынды иеленді.Табиғи жеміс-жидек шырындары қосылған және күрделі өзекті, помадалы кәмпиттердің жаңартылған сұрыпталымы қызығушылық тудырды. Құрамында 80% какао бар, сүтті шоколадтан ащы шоколадқа дейінгі тақта шоколадтың бес сұрыбы көрмеде ең көп танылды.Кельн_4  Бұдан басқа қатысушылар мен келушілер қантсыз кондитерлік өнімдердің он бес атауының қаптамалық жаңа үлгісіне бірден назар аударды.

Өнімнің жоғары деңгейлі сараптамалық бағасы, сенімді және білікті серіктестік беделге ие болуы «Рахат» АҚ өндіретін кондитерлік өнімдерді Германияға жеткізудің айтарлықтай арта түсуіне себеп болды. Осылайша, көрменің өзге қатысушыларымен ынтымақтастықтағы өзара мүдделілік біздің өнімнің еуропа нарығында лайықты орын табуына мүмкіндік береді.