30.01.2016

Кондитерлік өнімдердің халықаралық көрмесі

«Рахат» АҚ 2016ж. 31 қаңтардан 03 ақпанға дейін Кёльн қаласында өткен кондитерлік өнімдердің халықаралық көрмесіне қатысты. ISM көрмесі – 1971 жылдан бастап Кёльн қаласында өтетін, кондитерлік өнімдерге арналған әлемдегі ірі көрме. 2016ж. ISM көрмесі 46 жылдығын атап өтті. Осы жылы 65 елден келген 1601 экспонент ISM көрмесінде өз экспозициясын көрсетті. Көрме «Тәттілер келешегі» девизі бойынша өтті. Жыл сайын Кёльн қаласына әлемнің түкпір-түкпірінен тағам өнеркәсібінің мамандары тәжірибе алмасуға, сол саланың даму бағытын бағамдауға, озық бағыттар мен технологияларды талқылауға жиналады. Келушілер пісірілген өнімдерді, печеньелер, ұннан пісірілген нан-бөлке тағамдарын, крекерлер мен снектерді, жартылай фабрикаттар мен кондитерлік массаларды, шоколад өнімдерін, шоколадтар, кәмпиттер, балмұздақтар мен өзге де тәтті өнімдерді көріп, олардан дәм татты. Көрменің негізгі мақсаты – әлемдік нарыққа шығуды қалайтын компанияларға қолайлы жағдай тудыру. Экспоненттер мен келушілер санының жыл сайын артуы осы ауқымды оқиғаның басты маңызын айқындай түседі. «ISM» көрмесі аясындағы 4 күн ішінде әлемнің жетекші ірі өндірушілері өз өнімдерін көрсете отырып, өндірісте қолданылатын жаңа технологиямен таныстырды. «ISM» көрмесі – әлемдік кондитерлік тауарлар нарығын бағамдауға арналған көрмелердің бірегейі. Әлемнің жетекші кондитерлік өнім өндірушілері қатарында «Рахат» АҚ көрмеде өз өнімдерінің экспозициясын жан-жақты көрсетті. Көрме барысында көптеген компаниялармен ынтымақтастық туралы түрлі бағытта келелі кездесулер мен келіссөздер өтті. «Рахат» АҚ сапасы жоғары өнімдер – шоколад, түрлі салмасы бар кәмпит пен карамель өндіруші ретіндегі беделін бұл жолы да нықтады. Осы дүние жүзі форумында мамандарымыз кондитерлік өнеркәсіптегі жаңа бағыттармен және кондитерлік нарықты өркендету жолдарымен танысып, әлемдік кондитерлік өнеркәсіптің жетекші өндіріс орындарының тәжірибелерін зерделеді және компаниямыздың жетістіктерін көрсетіп, өз тәжірибелерін ортаға салды, бұған қоса көрмеге келушілер фабрикамыз ұсынған өнімдерден дәм татты.