07.09.2010

Екатеринбург қаласында Агроөнеркәсіп форумы өтті

2010ж.7-9 қыркүйек аралығында Екатеринбург қаласындағы Халықаралық Сауда Орталығының көрме павильонында мамандардың, ғылым өкілдері, өнім өндірушілер, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер мен бөлшек сауда кәсіпорындарының өкілдері үшін дәстүрлі кездесу орнына айналған Агроөнеркәсіп форумы өтті.Екатеринбург2  Бұл салалы, терең тамырлы кәсіби бағыттағы көрмеге «Рахат» АҚ өзінің экспорттық өнім сұрыпталымын барынша кеңейтілген түрде, түрлі нұсқадағы қаптама, өлшеп салу, көркем-жазбалық рәсімдеудің – барлығы 10 атауын экспозицияға шығарды.

Мұндай аймақтық шараға қатысу, бірінші кезекте, «Рахат» сауда белгісін ілгерілетуде өңірлік серіктестерге маркетингтік қолдау көрсетуге, кондитерлік өнім нарығына кәсіби маманданған қатысушылардың арасында фабрика өнімдерінің танымалдығын арттыруға бағытталды.Орынбор1 Кондитерлік өнімдер көрсетілімі, олардың рецептілік-технологиялық өлшемдері жөнінде тиянақты түсінік беру, тұтыну қасиеттерін сипаттау танымал кәмпиттер мен карамельдердің дәмін татып көруге ұласып жатты. Орынбор3

 

Бір аптадан кейін Орынбор қаласындағы «Меновой двор» көрме – жәрмеңкесіне басқа өңірдегі ресейлік өңіраралық импорттаушыны нарықтық тұрғыда қолдау мақсатында экспозиция қойылды. Осындай өзара қарым-қатынастар нәтижесінде, сондай-ақ «Рахат» фабрикасының кондитерлік өнімдерінің сапасы туралы қала жұртшылығының жақсы хабардар болуы, біздің өнімдеріміздің тұтынушылық қасиеттерін тануы серіктесіміздің «РАХАТ» АҚ өнімдерін сынау, дәмін байқап көру арқылы сату кезінде тұтынушыларды өзіне ұршықтай үйіріп, жәрмеңке күндері олардың қатарының үзілмеуіне жағдай тудырды.Орынбор4 Мұның өзі, әрине, кондитерлік өнімдер базарына қатысушылардың қызығушылығын жасырмай, назар аударуына түрткі болып қана қоймай, тартымдылығынан тағлым алар сабақ болды