02.02.2013

Халықаралық ISM 2013 көрмесі

Халықаралық ISM 2013 көрмесінің әлемдік кондитерлік өнеркәсіп орындарын жан-жақты таныстыратын көрме алаңы ретіндегі беделі биіктей түсті. 2 Ағымдағы жылдың 27-30 қаңтары аралығында Кельннің көрме орталығындағы 110000 кв/м. алаңда 67 елдің 1402 экспоненттері өздерінің ең танымал кондитерлік өнімдерін, дәстүрлі құрамдағы және тың әзірлемелер бойынша дайындалған жаңа өнімдерін көпшілік талқысына салды. Көрмеге жеті жыл қатарынан қатысып келе жатқан «Рахат» АҚ өз экспозициясын кең ауқымда көрсетті. Бұл жолы Қазақстан кондитерлері кәсіби ортаға жаңа өнімдер санатындағы айрықша өнімдерін екінші рет ұсынды.

«Жаңа өнімдер сөресі» деп аталатын арнайы павильонда тұтынушылардың көңілінен шығып, ықыласын аудару үшін 83 өндіруші ұсынған кондитерлік үздік туындылардың 120 түрі сынға түсті. 3 Өндірістегі негізгі бағыт беталысы шығарылған өнімдердегі қант, май, лактоза, желатин, глютен мөлшерінің аздығынан байқалды. Алматы кондитерлері өз өнімдерінің тұтынушылық ең тартымды өзгешелігі – дәмдік ерекшелігін сақтап, пайдалы жағын арттырудың тағы бір жолын ұсынды. 4 Өткен жылғыдай табиғи шоколад пен бал негізінде жасалған кәмпиттер мамандар мен қарапайым азаматтардан құралған «бағалаушы топтың» сынына түсті. «Бал желесінен» жасалған салма бұл жолы шоколад кәмпитті басқа қырынан танытты. Көрмеден хабар дайындау кезінде ұйымдастырылған жаңа өнімдерден қалауына қарай дәм татып, пікір айту барысында Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінен келген «WDR Fernsehen Köln» теледидар арнасы журналистері «Golden beehive» кәмпитінің дәміне тәнті болып, айрықша әсер, шынайы шабытпен оң баға берді.