2012 ISM халықаралық көрмесі
ISM халықаралық көрмесі не бәрі 4 күн ішінде кондитерлік өнімдердің қазіргі әлемдік сұрыпталымын толық тануға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде ағымдағы жылы Кельн қ. әлемнің 65 елінен 1412 экспонент жинады.
Өткізілу өлшемі жағынан көрме тек мамандарға бағытталғандықтан, 35 мың келушілер арасындағы басым көпшілік өндірістік және коммерциялық қызметі тікелей кондитер саласымен байланысты мамандар болды.
Германия туралы GERMANIA-ONLINE.RU белгілі ақпараттық порталы 1 «Республика жалауы түріндегі үлкен шоколадтан-ақ алыстан байқап, тануға болатын қазақстандық «Рахат» фирмасы ISM көрмесінде алтыншы рет көрініп отырғанын» атап өтті. «Рахаттың» кәмпиттері мен карамельдерінің дәмі мен сапасы туралы айтудың өзі артық. Германияның «орыс» дүкендерінде сатылым көлемі әрдайым тұрақты түрде өсуде.
«Рахат» АҚ-ының «Жаңа өнімдер қатары» атауы бойынша ISM 2012 айдарында жаңа әзірлемелер көрсеткен 78 компанияның бірі болғаны Алматы кондитерлерінің танымалдығын нақтылай түсті.
2 Бар-жоғы 112 өнім осы санатқа ілініп, көрменің арнайы бөлінген «алаңқайында» көпшілік назарына ұсынылды.
«Рахат» АҚ ұсынған «HONEY TRUFFLE» топтамасындағы «Трюфель медовый» кәмпиті көптеген кондитер мамандарының көз тоқтатып, қызығушылықпен талқылауына, соңында, әрине, сөзсіз мақтауына ие болды. ГФР мен ТМД елдері тұтынушыларына жақсы таныс4 өнімдермен қоса, «Рахат» АҚ экспозициясында әрқилы кондитерлік өнімдер санатынан 8 жаңа өнім көрсетілді.