05.04.2011

«XXI ғасырдың кондитерлік өнімдері» Халықаралық конференциясы

2011ж. 28 – 30 сәуір аралығында Халықаралық өнеркәсіп академиясында «Рахат» АҚ-нан беделді делегация қатысқан Халықаралық сегізінші «XXI ғасырдың кондитерлік өнімдері» конференциясы өтті.

Гран-при Ресейден, сондай-ақ Белорус, Қазақстан, Украина, Молдавия және алыс шет елдердің 38 өңірінен келген 332 маман кондитерлік өндіріс саласындағы негізгі ағым, жаңа технологияларды пайдалану мәселелерін, шикізат пен ингредиенттердің әр түрін қолдану мүмкіндіктерін талқылауға қатысты.

Конференция аясында қатысушы кәсіпорындар өнімдерінің 130-ға жуық үлгісі қойылған халықаралық сапа байқауы өтті. «Рахат» АҚ технологтары мен өндірушілері сапалық тұрғыдан бағалауға қымбат сувенир-сыйлық сұрыпталымын ұсынбай, кондитерлік өнімдердің күнделікті жаппай пайдаланылатын 9 түрін көрсетті. Сапа бағалауы кешенді түрде жүргізілді. Қойылған ассортиментті ашық түрде көрсетіп, қалағандардың барлығына дәм татқызу, сараптау арқылы тұтынушылар пікірі тыңдалды. Бұнымен жарыса осы саланың, РФ Ауылшаруашылығы министрлігі, МҒМ ҒЗИ кондитерлік өнеркәсібі, Халықаралық өнеркәсіп академиясы, «Асконд» кондитерлер ассосциацияларының мамандары сапаны бағалаудың қатаң кәсіби қағидалары – сыртқы көрсеткіштер, пайдаланылған компоненттердің сәйкестігі, қаптамада берілген мәліметтердің толықтығы мен басқа да маңызды көрсеткіштер бойынша жабық түрде дәмге сараптама жасады.Гран-при_диплом

«Рахат» өнімдерінің 9 атауы да «Жоғары өнім сапасы үшін» алтын медалімен марапатталды. Олардың қатарында «РАХАТ 65%», «РАХАТ 70%», «РАХАТ 80%» шоколадтары, «РАХАТ», «Трюфельные», «Магия», «Маска», «Элегия» кәмпиттері, «Рахат» карамелі бар. Жүлделі шыңдарды осыншалықты табыспен, батыл түрде бағындыру мұндай беделді кәсіби форум үшін айтарлықтай оқиға болды. Байқау нәтижелері мен кондитерлік өнімдердің тұтыну мәнін жақсарту саласындағы тұрақты атқарылып жатқан жұмыстың тұтастығы бойынша «РАХАТ» акционерлік қоғамы «Жоғары өнім сапасы үшін» атты бас жүлдені жеңіп алды.