«Қазақстанның үздік тауары 2010»
Республикалық «Қазақстанның үздік тауары 2010» байқауы аясында Алматы қаласының әкімі көрме-байқау өткізді. Республикалық байқауды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бесінші рет өткізіп отыр және бұл мерейтой байқау шарасын ұйымдастыруда ерекше мұқияттылықты әрі тұтынушылардың қызығушылығын назарда ұстауды қажет етті.
Қатысушылар өнімдерінің көрмесі мен оның қорытындысы 16–27 тамызда «Атакент» көрме кешенінің павильонында өтті. Республика тұрғындарына кондитерлік өнімдерімен танымал «РАХАТ» акционерлік қоғамы көрнекті санаттағы бірнеше жаңа өнімдерін алғаш рет көрмеге шығарды. Көпке белгілі 6 г. «Казахстанский» тақта шоколады Алматы қаласының мәдени-архитектуралық көз тартарлық орындары бейнеленген дизайндағы заттаңба серияларымен шықты. Белгінің басқа серияларынан алматылықтар қысқы спорттың әр түрінен хабардар болып, 2011 жылы болатын 7-ші қысқы Азия ойындарына дайындық пен өткізу шаралары оларға қанат бітіргендей болды.«Қазақстанның үздік тауары 2010»_2
«РАХАТ» АҚ-ның таңдаулы өнімі, Қазақстанның оңтүстік астанасының белгісі – бұтағы мен жапырағы бар, тартымды алма пішінінде шығарылған шоколад жаңа өнімдердің бірегейі болды. Тәбет тартар алқызыл және жасыл алма түрлерін жасап шығаруға түрлі- түсті фольга негіз болды. Жақсыны бағалай білетіндер үшін дәмі тіл үйіретін шоколад алманың орауын жазса, ол ыңғайлы 18 бөлікке бөлінеді.
Байқаудың дара аталымдағы «Үздік азық-түлік өнімі» атағы «РАХАТ» АҚ өнімдерінің сапалы өлшемдер жиынтығы бойынша жаңа өнімге берілді.