«Рахат» АҚ мен LOTTE Confectionery
Қазақстан, Алматы қ., 2013 жылғы 2 шілде – қазақстандық жетекші «Рахат» АҚ мен Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery жетекші кондитерлік компаниясы бүгін «Рахат» АҚ-ның қолданыстағы акцияларының 76%-ын LOTTE Confectionery компаниясының иеленетіні туралы шарт жасалғанын ресми түрде мәлімдеді.
Бұл мәміле Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 ж. қыркүйектегі шақыруымен Оңтүстік Кореяның Президенті Ли Мен Бактың Қазақстанға ресми сапармен келуі нәтижесінде сапалық жаңа деңгейге көтерілген, екі жақты ынтымақтастықтың келешекте Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара пайдалы экономикалық және мәдени қарым-қатынастың одан әрі дамуына ықпал етеді.
Қызметі 1942 жылдан бастау алған «Рахат» АҚ – жылдық айналымы 2012 ж. шамамен 29,4 млрд. теңгені (шамамен 197 млн. АҚШ доллары) құраған, шоколад, қант және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер нарығындағы көшбасшы, қазақстандық ең ірі кондитерлік компания.
Компанияның орталық кеңсесі Алматы қаласында, ал өндірістік қуат Алматы қаласы мен Шымкент қалаларында орналасқан; компания қызметкерлерінің жалпы саны 4000-ға жуық. «Рахат» АҚ-ының бүкіл Қазақстан бойынша, сондай-ақ Германия, Ресей, Орталық Азия елдерінде таралған дистрибьюторлық желісі бар. Өнімдерінің бренд ретінде кеңінен танымалдығы және сапасының бірегейлігі арқасында компания әлі де өсу үстінде.
Оңтүстік Корея конгломераты көлеміндегі LOTTE тобының 5-нші ірі еншілес ұйымы, штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан LOTTE Confectionery кондитерлік компаниясы Оңтүстік Кореяда жетекші орында. LOTTE тобы жыл сайынғы өсімі екі есеге жуық, 2012 жылғы жалпы айналымы 75 млрд АҚШ доллары көлеміндегі 79 еншілес компаниялардан құралған. LOTTE тобы 1967 жылы кондитерлік компания ретінде құрылып, қызмет нәтижесінде тамақ өнеркәсібі, бөлшек сауда, туризм, құрылыс және мұнай-химия сияқты басқа салалардың кеңінен таралуын жүзеге асырды. Оңтүстік Кореяның кондитерлік нарығын дамытуға қосатын үлесі зор LOTTE Confectionery соңғы бірнеше онжылдықта № 1 ойыншының бағытын бетке ұстап келеді, сондай-ақ Азиядағы № 1 кондитерлік компания болуды мұрат еткен өзіндік стратегиялық мақсатына сай Оңтүстік Кореяның шет аймақтарындағы жаңа нарықты игеруде.
LOTTE Confectionery компаниясының Президенті Йонг Су Ким өз сөзінде: “LOTTE Confectionery компаниясы «Рахат» АҚ компаниясын иеленуіне орай қазақстандық кондитерлік нарықта берік орнығатынына разы. Бұл жасалған келісім – LOTTE Confectionery компаниясының 2004 жылы Үндістандағы Parry’s Confectionery компаниясын сатып алған уақыттан бергі ең ірісі және Қазақстан мен Орталық Азияның өсу көрсеткіші жылдам нарығына қосар біздің үлесімізді айтарлықтай арттыра түседі. «Рахат» АҚ – Қазақстандағы мықты брендке ие, өнімнің сапасы бойынша тұтынушылар арасында беделі мінсіз және тарату желісі нақты жолға қойылған алдыңғы орындағы компания. Біздің жоспарымыз – ғылыми әзірлемелер және технология көмегімен өнім сапасының жоғарылығын сақтай отырып, сондай-ақ LOTTE Confectionery компаниясында қолданылатын сапаны бақылау жүйесі арқылы дамудың келесі сатысына көтерілу үшін «Рахат» брендіне көмек беру. Бұл келісімнің Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық, бизнес және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі беки түсуіне мүмкіндік беретінін біз мақтанышпен айта аламыз”,- деді.
«Рахат» АҚ компаниясының Президенті А.В. Попелюшко: “Біз айтулы келісім жасалғанына өте қуаныштымыз. Компаниямыздың LOTTE сияқты жетістіктегі әрі әлемге әйгілі үлкен топпен бірігуіміз – біздің брендтің, оны жасаушы қызметкерлеріміздің күшіне деген үлкен сенімнің, сондай-ақ Қазақстан экономикасы әлеуетінің зор екенінің және Елбасының басшылығымен Қазақстанның соңғы екі онжылдықтағы қарышты дамуының айқын дәлелі. LOTTE Confectionery компаниясымен жасалған келісім Қазақстандағы көптің сүйіспеншілігіне бөленген, танымал «Рахат» брендінің жетістігін тану белгісі болса және біз бағалайтын тұтынушыларымыз үшін брендті жаңа сапалық деңгейге жеткізсе, «Рахат» АҚ үшін бұл келісім Кедендік Одақ аясында және Орталық Азия елдерінде экспансияны жалғастыруға стратегиялық тұрғыда мүмкіндік береді, бұған қоса жаңа тұтынушыларымыз «Рахат» АҚ-ның жоғары сапалы өнімдеріне қол жеткізе алады. LOTTE Confectionery компаниясымен бірлесе жұмыс істеу әлемдік деңгейдегі жетекші компанияның бірінде қызметкерлеріміздің карьера жасауына және кәсіби тұрғыда өсуіне шексіз мүмкіндік тудырып, тың жол ашады»,- деді.
«Рахат» АҚ компаниясының акционерлік капиталы құны келісімде шамамен 157 млн. АҚШ доллары көлемінде бағаланды, бұл 2013 ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (RAHT сауда коды) қолданыстағы акция құнына 30% көлемінде сыйақы берілетін, 3,6 млн. акция көлеміндегі жалпы акциялар санымен қарағанда, әр акцияға шаққанда 43,5 АҚШ долларын құрайды (шамамен 6,5 мың теңге).
Аяқталуы 2013 жылдың екінші жартысында күтілетін сатып алу келісімінің бұл түрі кәдімгі келісімдеу үлгісіне (оның ішінде мемлекеттік органдармен) жатады. Тиісті келісімдеуге қол жеткізіп, мәміле жасалғаннан кейін, LOTTE Confectionery компаниясы