«Жыл кәсіпкері 2010» байқау
2011 жылғы 25 ақпанда «Эрнст энд Янг» компаниясының ұйымдастыруымен «Жыл кәсіпкері 2010» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болды. «Эрнст энд Янг» компаниясы аудит, салық салу және құқық, мәмілелер мен бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру саласында халықаралық тұрғыдағы көшбасшы болып табылады.
«Жыл кәсіпкері» – кәсіпкерлік саласындағы ең беделді халықаралық сыйлықтардың бірі. Бұл марапат шығармашылық әлеуеті жоғары, өзгелерді өз идеяларымен қызықтыра алатын, өзінің энтузиазмы және жетістіктерімен тарта алатын кәсіпкерлік қызмет адамдарының жетістігін өзгеше тәсілмен тануы арқылы басқалардан ерекшеленеді.
«Эрнст энд Янг» компаниясы алғаш рет АҚШ-та өткізген «Жыл кәсіпкері» байқауының тарихы 1986 жылдан басталады. Уақыт өте келе бұл байқау бүгінде барлық құрлықтағы 50 елді қамтыған ерекше халықаралық бағдарлама дәрежесіне жетті. 2011 жылғы … 2007 жылы Қазақстан бағдарламаға қатысушы елдер құрамына кірді, енді ұлттық байқаудың жеңімпаздары әлемнің үздік кәсіпкерлерінің халықаралық жарысына қатысуда.
“Жыл кәсіпкері” байқауының негізгі міндеті – қазіргі заманғы экономикадағы кәсіпкерліктің маңызына қоғам назарын аудару және кәсіпкерлік саласында келешек ұрпаққа үлгі болатын дарынды және көрнекті кәсіпкерлерді бар әлемге таныту.
2011 жылғы …«Жыл кәсіпкері» байқауының жеңімпаздары – әлемдік дәрежедегі компания құра білген және өзге елдердің үздік кәсіпкерлерімен тең дәрежеде бәсекеге қабілетті көрнекті тұлғалар. Сандық көрсеткіш ретінде – компания айналымының өсу деңгейін, табыстың көбеюі мен жұмыс орындары санының артуы, сондай-ақ сапалық көрсеткіш ретінде – іскерлік тәжірибедегі жаңашылдық дәрежесі, өзгеше өнім әзірлеп шығару, маркетинг пен өткізу саласындағы шығармашылық шешімдер, ұлттық және халықаралық нарықты игеру дәрежесі, қызметкерлерді дамыту бағдарламаларын жасау -жеңімпаздарды таңдауға қойылатын талаптар.
«Рахат» АҚ президенті, басқарма төрағасы, Директорлар Кеңесінің мүшесі Анатолий Висханович Попелюшко тәуелсіз қазылар алқасы шешімімен Қазақстандағы «Жыл кәсіпкері 2010» байқауының ұлттық сатысының жеңімпазы болды және байқаудың басты титулын жеңіп алды.
Ол «Тұтыну нарығының үздігі» аталымы бойынша жеңіске жетті.
Анатолий Висханович Қазақстанды осы жылдың маусым айында Монте-Карло, Монакода өтетін халықаралық байқауда Қазақстан атынан шығады.