24.11.2013

LOTTE Confectionery completes acquisition of 76% of Rakhat JSC

«LOTTE Confectionery» компаниясы «Рахат» АҚ акциясының 76%-ын иеленді.

Қазақстан, Алматы қ., 2013 жылғы 27 қараша – Оңтүстік Кореяның «LOTTE Confectionery» жетекші кондитерлік компаниясы мен қазақстандық көшбасшы «Рахат» АҚ кондитерлік компаниясы бұдан бұрын 2013 ж. 2 шілдеде берілген хабарландыруға сәйкес «LOTTE Confectionery» компаниясының мемлекеттік органдармен жасалуға тиісті барлық қажетті келісімдерге қол жеткізіп, «Рахат» АҚ-ның қолданыстағы акцияларының шамамен 76%-ын иеленгенін бүгін ресми түрде мәлімдеді.

 

«LOTTE Confectionery» компаниясы қалған 24% көлеміндегі акциялар пакетін Қазақстан заңнамасында қарастырылған мерзім мен шарттар негізінде сатып алу туралы «Рахат» АҚ компаниясының миноритар акционерлеріне ұсыныс жасауды жоспарлауда.

 

HSBC банкі – бұл келісімдегі «Рахат» АҚ акционерлері бақылау тобының қаржы жөніндегі басты кеңесшісі болса, «Morgan Lewis» заң фирмасы – олардың келісім жөніндегі заң кеңесшісі. Samil Pricewaterhouse Coopers (Оңтүстік Корея), Kim & Chang және Dentons – «LOTTE Confectionery» компаниясының осы келісімді жүргізудегі кеңесшілері.