20.09.2010

«Рахат» АҚ-ының өнімі «Мінсіз» Халықтық сапа белгісін алды

Қазақстандықтар Рахат АҚ-ына дауыс берді

Мінсіз өнім – ұлт мақтанышы

 

СВИДЕТЕЛЬСТВО 18 қыркүйекте «Қазақстан тұтынушылар Лигасы» ұйымдастырған тәуелсіз тұтынушылар сараптамасының қорытындысы бойынша «Рахат» АҚ-ының өнімі «Мінсіз» Халықтық сапа белгісін алды. Знак «Мінсіз» Халықтық сапа белгісі жобасы Қазақстанның тауар және қызмет көрсету нарығында өркениеттік қарым-қатынастар қалыптастыру, өз өнімдерінің, қызмет көрсету мен жұмыс сапасына немқұрайлы қарамайтын өнім өндірушілердің беделін арттыру, нарықты өз ісіне жауапсыз, алақол кәсіпкерлерден қорғау мақсатында құрылған болатын. Қоғамдық пікір алмасу, телефон бойынша азаматтарға қойылған сауалдар, сауалнама жүргізу, өнімдердің дәмін татып көру және басқа зерттеулер арқылы жыл сайын өнім өндірушілердің ең үздігі анықталады. «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдерінің осындай байыпты, маңызды жобадағы «Мінсіз» халықтық сапа белгісі аталымын иеленуі қазақстандық тұтынушылардың біздің өнімімізді танып, таңдау жасағанын және компанияның беделінің жоғары екендігін растай түседі.