16.03.2021

«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 

«Рахат» АҚ-тың толық атауы:«Рахат» акционерлік қоғамы.
«Рахат» АҚ-тың атқарушы органының толық атауы:«Рахат» акционерлік қоғамының Басқармасы
Қоғам атқарушы органының мекенжайы:Қазақстан Республикасы, 050002,  Алматы қ., Зенков к-сі, 2а

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына, 41-бабына және 49-бабының 1-тармағына сәйкес жиналысқа шақыруға бастамашы болып саналатын «Рахат» АҚ-тың Директорлар кеңесі  акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2021 жылғы 29 сәуірде акционерлердің жалпы жиналысы (бұдан әрі-акционерлердің жалпы жиналысы) отырысын өткізбей сырттай дауыс беру арқылы өтетіні туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы  акционерлердің тізімі 2021 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша «Рахат» АҚ акцияларын иеленушілердің тізілімі жүйесінің деректері негізінде жасалатын болады.

 

АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:

 

1. Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы;

2. Жылдық жалпы жиналыстың есеп  комиссиясының құрамы туралы;

3. «Рахат» АҚ атауының өзгеруі туралы;

4. Жарғыны жаңа редакцияда (мазмұнда) бекіту туралы;

5. 2020 жылға арналған «Рахат» АҚ-тың аудиттен өткен топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы;

6. «Рахат» АҚ 2020 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау.  «Рахат» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы;

7. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Кванг Хён Пэктың (BAEK KWANGHYEON) өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;

8. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы;

9. «Рахат» АҚ мен оның қызметтік тұлғаларының әрекеттері бойынша  акционерлердің өтініштері және оларды 2020 жылы қарау қорытындылары туралы.

Заңның 43-бабының 6-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдаған кезде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі өзгертілмейді және (немесе) толықтырылмайды.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен  акционерлер «Рахат» АҚ Басқармасының орналасқан мекенжайы, сондай-ақ «Рахат» АҚ корпоративтік веб-сайтында  мына сілтеме бойынша: www.rakhat.kz 2021ж. 29 наурыздан бастап  таныса алады.

«Рахат» АҚ акционері тарапынан сұрау түскен жағдайда акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберілетін болады, сонымен қоса құжаттардың көшірмелерін дайындауға және құжаттарды жеткізуге жұмсалатын шығындарды акционер өтейді.

 

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге байланысты ақпаратты мына телефон нөмірлері бойынша білуге болады: 8 (727) 258 47 14;  +7 702 583 40 44.

 

«Рахат» АҚ акционерлері сырттай дауыс беруді өткізудің келесі тәртібімен және сырттай дауыс беруге арналған рәсіммен танысуды сұраймыз.

 

«Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбей сырттай дауыс беру арқылы қатысу сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді толтыру арқылы жүзеге асырылады, ол акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламамен бірге орналастырылады:

 

  1. «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми сайтында және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында;
  2. «Рахат» АҚ корпоративтік сайтында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады.

«Рахат» АҚ Жарғысының 18-бабының 18.4-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

 

Бұған қоса:

  1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру алдында сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде акционер және оның дербес деректері туралы ақпарат көрсетілген барлық жолдар толтырылуы қажет.

 

  1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беру үшін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде дауыс берудің: «қолдау» немесе «қарсы», «қалыс қалу» нұсқалары  көрсетілген ұяшықтардың біріне белгі  немесе қол қоюы тиіс.

 

  1. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 49-бабының 6-тармағына сәйкес:

 

  • Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға – акционер немесе жеке тұлға – акционердің өкілі қол қоюға тиіс.
  • Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы немесе заңды тұлға – акционердің өкілі қол қоюға тиіс.

 

*          Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің не заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз  болып саналады.  

  • Жеке тұлға – акционердің жеке басын куәландыратын құжаттағы дербес деректері, сондай – ақ жеке тұлға – акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерінде, «Рахат» АҚ-тың акция иелерінің тізілімі жүйесіндегі деректері негізінде жасалған және акционер – жеке тұлға не оның өкілі толтырған акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімінде көрсетілген жеке тұлға-акционерлердің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге сәйкес келуі тиіс.
  • Акционер – заңды тұлға туралы оның құрылтай құжаттарындағы деректер, сондай – ақ заңды тұлға – акционерлердің құрылтай құжаттарының көшірмелерінде, «Рахат» АҚ-тың акционерлер тізілімі жүйесіндегі деректері негізінде жасалған акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімінде көрсетілген құрылтай құжаттарының деректемелері және акционер-заңды тұлға толтырған сырттай дауыс беру бюллетені сәйкес келуі тиіс.

 

*          Егер  сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньмен бірге акционер не оның өкілі  «Құнды қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-тың акция иелерінің тізілімі жүйесінде көрсетілген деректердің/деректемелердің өзгергенін растайтын құжаттарды (құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі) тапсырмаса, айырмашылықтар болған жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетень жарамсыз деп саналады.

 

  1. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционерлер:
  • акционерлер – жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының резидент тұлғалары, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары):
    • акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; бюллетеньге оның өкілі қол қойған жағдайда акционердің және оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен өкілдің қол қою құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
  • акционерлер – заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының резидент тұлғалары):
    • акционердің – заңды тұлғаның уәкілетті органының басшысын тағайындау/сайлау туралы шешімінің көшірмесін;
    • қызметке тағайындалуы туралы бұйрықтың көшірмесін;
    • акционер-заңды тұлға басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
    • заңды тұлға – акционердің өкілі бюллетеньге қол қойған жағдайда:
      жоғарыда аталған құжаттарға қосымша-акционер өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың және өкілдің қол қою құқығын растайтын құжаттың көшірмелерін.
  • акционерлер – заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары):
    • акционерді резиденттейтін елдің заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайда анықталатын апостиль қойылған/заңдастырылған, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қою құқығын растайтын құжаттарды, оның ішінде сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған адамның жеке басын куәландыратын құжаттарды (көшірмелерін) тіркеуі тиіс.

 

  1. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді және қажетті құжаттарды қабылдау «Рахат» АҚ атқарушы органының нақты орналасқан: Қазақстан Республикасы, индексі 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2а мекенжайы бойынша немесе сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді және осы ақпараттық хабарламада көрсетілген қажетті құжаттарды жіберу фактісін тіркеуге мүмкіндік беретін пошта (курьерлік) байланыс құралдарын («Қазпошта» АҚ кеңселері, DHL және басқа курьерлік қызметтер) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша толтырылған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер «Рахат» АҚ-ға 2021 жылғы 29 наурызда сағат 09:00-ден 2021 жылғы 28 сәуірде сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) тапсырылуы тиіс.

*          Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень тапсырылған күн оның «Рахат»  АҚ кеңсесінде тіркелген күн болып саналады.

 

  1. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 46-бабының 3-тармағына сәйкес 2021 жылғы 29 сәуірде есеп  комиссиясы:
  • сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдердің жарамдылығын анықтайды және нақты бюллетеньдердің санын және күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша оларда көрсетілген дауыстарды есептейді;
  • акционерлердің жалпы жиналысының кворумының болуын анықтайды;
  • дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және дауыс беруге арналған бюллетеньдерді, дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы Қоғам мұрағатына тапсырады.

 

  1. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 51-бабының 6-тармағына сәйкес сырттай дауыс беру нәтижелері акционерлердің назарына оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы жеткізіледі.
  2. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 45-бабының 4-тармағының екінші бөліміне сәйкес акционерлердің жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу кезінде кворум болмаған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы қайта өткізілмейді.

 

Акционерлердің жалпы жиналысы ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35, 36, 37, 39, 40, 41, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 50, 51 – баптарына және «Рахат» АҚ Жарғысына сәйкес өткізіледі.

 

«Рахат»АҚ акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбей, сырттай дауыс беру арқылы «Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.

Бюллетень для заочного голосования


«Рахат» АҚ  
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ