«ИЗВЕЩЕНИЕ О ПРОВЕДЕНИИ ГОДОВОГО ОБЩЕГО СОБРАНИЯ АКЦИОНЕРОВ»
«ЛОТТЕ РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ-тың толық атауы:«ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамы.
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ-тың атқарушы органының толық атауы:«ЛОТТЕ Рахат» акционерлік қоғамының Басқармасы
Қоғам атқарушы органының мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2а
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына, 41-бабына және 49-бабының 1-тармағына сәйкес жиналысқа шақыруға бастамашы болып саналатын «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-тың Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2022 жылғы 25 сәуірде акционерлердің жалпы жиналысы (бұдан әрі-акционерлердің жалпы жиналысы) отырысын өткізбей сырттай дауыс беру арқылы өтетіні туралы хабарлайды.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша «ЛОТТЕ Рахат» АҚ акцияларын иеленушілердің тізілімі жүйесінің деректері негізінде жасалатын болады.
АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:
1. Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы;
2. Қоғамның жылдық жалпы жиналысының есеп комиссиясының құрамы туралы;
3. 2021 ж. арналған «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ның аудиттен өткен топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы;
4. «ЛОТТЕ Рахат» АҚ 2021 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау. «ЛОТТЕ Рахат» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
5. «ЛОТТЕ Рахат» АҚ мен оның қызметтік тұлғаларының әрекеттері бойынша акционерлердің өтініштері және оларды 2021 жылы қарау қорытындылары туралы.
Заңның 43-бабының 6-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдаған кезде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі өзгертілмейді және (немесе) толықтырылмайды.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер «ЛОТТЕ Рахат» АҚ Басқармасының орналасқан мекенжайы, сондай-ақ «ЛОТТЕ Рахат» АҚ корпоративтік веб-сайтында мына сілтеме бойынша: www.rakhat.kz. 2022ж. 24 наурыздан бастап таныса алады.
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ акционері тарапынан сұрау түскен жағдайда акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберілетін болады, сонымен қоса құжаттардың көшірмелерін дайындауға және құжаттарды жеткізуге жұмсалатын шығындарды акционер өтейді.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге байланысты ақпаратты мына телефон нөмірлері бойынша білуге болады: 8 (727) 258 47 14; +7 777 444 98 80.
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ акционерлері сырттай дауыс беруді өткізудің келесі тәртібімен және сырттай дауыс беруге арналған рәсіммен танысуды сұраймыз.
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбей сырттай дауыс беру арқылы қатысу сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді толтыру арқылы жүзеге асырылады, ол акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламамен бірге орналастырылады:
1. «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми сайтында және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында;
2. «ЛОТТЕ Рахат» АҚ корпоративтік сайтында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады.
Бұған қоса:
1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру алдында сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде акционер және оның дербес деректері туралы ақпарат көрсетілген барлық жолдар толтырылуы қажет.
2. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беру үшін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде дауыс берудің: «қолдау» немесе «қарсы», «қалыс қалу» нұсқалары көрсетілген ұяшықтардың біріне белгі немесе қол қоюы тиіс.
3. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 49-бабының 6-тармағына сәйкес:
1) Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға – акционер немесе жеке тұлға – акционердің өкілі қол қоюға тиіс.
2) Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы немесе заңды тұлға – акционердің өкілі қол қоюға тиіс.
* Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің не заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз болып саналады.
3) Жеке тұлға – акционердің жеке басын куәландыратын құжаттағы дербес деректері, сондай – ақ жеке тұлға – акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерінде, «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-тың акция иелерінің тізілімі жүйесіндегі деректері негізінде жасалған және акционер – жеке тұлға не оның өкілі толтырған акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімінде көрсетілген жеке тұлға-акционерлердің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге сәйкес келуі тиіс.
4) Акционер – заңды тұлға туралы оның құрылтай құжаттарындағы деректер, сондай – ақ заңды тұлға – акционерлердің құрылтай құжаттарының көшірмелерінде, «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-тың акционерлер тізілімі жүйесіндегі деректері негізінде жасалған акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімінде көрсетілген құрылтай құжаттарының деректемелері және акционер-заңды тұлға толтырған сырттай дауыс беру бюллетені сәйкес келуі тиіс.
* Егер сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньмен бірге акционер не оның өкілі «Құнды қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-тың акция иелерінің тізілімі жүйесінде көрсетілген деректердің/деректемелердің өзгергенін растайтын құжаттарды (құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі) тапсырмаса, айырмашылықтар болған жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетень жарамсыз деп саналады.
4. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционерлер:
1) акционерлер – жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының резидент тұлғалары, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары):
акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; бюллетеньге оның өкілі қол қойған жағдайда акционердің және оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен өкілдің қол қою құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
2) акционерлер – заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының резидент тұлғалары):
акционердің – заңды тұлғаның уәкілетті органының басшысын тағайындау/сайлау туралы шешімінің көшірмесін;
қызметке тағайындалуы туралы бұйрықтың көшірмесін;
акционер-заңды тұлға басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
заңды тұлға – акционердің өкілі бюллетеньге қол қойған жағдайда:
жоғарыда аталған құжаттарға қосымша-акционер өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың және өкілдің қол қою құқығын растайтын құжаттың көшірмелерін.
3) акционерлер – заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары):
акционерді резиденттейтін елдің заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайда анықталатын апостиль қойылған/заңдастырылған, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қою құқығын растайтын құжаттарды, оның ішінде сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған адамның жеке басын куәландыратын құжаттарды (көшірмелерін) тіркеуі тиіс.
5. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді және қажетті құжаттарды қабылдау «ЛОТТЕ Рахат» АҚ атқарушы органының нақты орналасқан: Қазақстан Республикасы, индексі 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2а мекенжайы бойынша немесе сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді және осы ақпараттық хабарламада көрсетілген қажетті құжаттарды жіберу фактісін тіркеуге мүмкіндік беретін пошта (курьерлік) байланыс құралдарын («Қазпошта» АҚ кеңселері, DHL және басқа курьерлік қызметтер) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша толтырылған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер «ЛОТТЕ Рахат» АҚ-ға 2022 жылғы 25 наурызда сағат 09:00-ден 2022 жылғы 24 сәуірде сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) тапсырылуы тиіс.
* Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень тапсырылған күн оның «ЛОТТЕ Рахат» АҚ кеңсесінде тіркелген күн болып саналады.
6. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 46-бабының 3-тармағына сәйкес 2022ж. 25 сәуірде есеп комиссиясы:
сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдердің жарамдылығын анықтайды және нақты бюллетеньдердің санын және күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша оларда көрсетілген дауыстарды есептейді;
акционерлердің жалпы жиналысының кворумының болуын анықтайды;
дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және дауыс беруге арналған бюллетеньдерді, дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы Қоғам мұрағатына тапсырады.
7. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 51-бабының 6-тармағына сәйкес сырттай дауыс беру нәтижелері қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және «ЛОТТЕ Рахат» АҚ Жарғысында белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы акционерлердің назарына жеткізілетін болады.
8. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 45-бабының 4-тармағының екінші бөліміне сәйкес акционерлердің жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу кезінде кворум болмаған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы қайта өткізілмейді.
Акционерлердің жалпы жиналысы ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35, 36, 37, 39, 40, 41, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 50, 51 – баптарына және «ЛОТТЕ Рахат» АҚ Жарғысына сәйкес өткізіледі.
«Рахат»АҚ акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбей, сырттай дауыс беру арқылы «ЛОТТЕ Рахат» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.
«ЛОТТЕ Рахат» АҚ
ПОРЯДОК И ПРОЦЕДУРА ПРОВЕДЕНИЯ |
БЮЛЛЕТЕНЬ ЗАОЧНОГО ГОЛОСОВАНИЯ |