12.04.2017

«РАХАТ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ 2016 жылғы аудит тексерісінен өткен, топтастырылған қаржылық есебін бекіту туралы» үшінші мәселесі бойынша бірауыздан шешім қабылданды:

Тәуелсіз аудиторлардың есебі ескеріле отырып, «Рахат» АҚ 2016 жылғы тексерісінен өткен, топтастырылған қаржылық есебі бекітілсін.

Дауыс беруге 3 330 690 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 330 690 дауыс немесе 100% ; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ 2016 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және «Рахат» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы» төртінші мәселесі бойынша көпшілік дауыспен шешім қабылданды:

1. «Рахат» АҚ 2016 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша алынған таза табысы келесi тәртіппен бөлінсін:

– таза табыстың 493 200 000 (төрт жүз тоқсан үш миллион екі жүз мың) теңге көлеміндегі бөлігі «Рахат» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге жұмсалсын;

– 1 (бір) жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемі 137 (жүз отыз жеті) теңге көлемінде белгіленсін;

– «Рахат» АҚ-тың дивиденд төлегеннен кейін қалған таза табысы бөлінбесін және Қоғамның бөлінбеген табысы шотында қалдырылсын.

2. Дивиденд төлеу тәртібі мен үлгісі белгіленсін:

– дивиденд төлеудің басталу күні – 2017 жылғы 15 мамыр;

– дивиденд төлеу мерзімі белгіленбесін;

– дивиденд алуға құқылы акционерлер тізімін құру күні – 2017 жылғы 8 мамыр;

– дивиденд төлеу Қоғам орналасқан жерде қолма-қол төлеу немесе қолма-қол ақшасыз төлем жасау тәртібімен жүргізілсін;

– дивиденд төлеу төлем агентінің қатысуынсыз жүзеге асырылсын.

Дауыс беруге 3 330 690 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 329 240 дауыс немесе 99,96% ; «қарсы» – 390 немесе 0,01%; «қалыс қалғандар» – 1 060 немесе 0,03 %.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгеріс енгізу туралы» бесінші мәселесі бойынша бірауыздан шешім қабылданды:

«Рахат» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге енгізілген өзгерістер бекітілсін.

Дауыс беруге 3 330 690 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 330 690 дауыс немесе 100% ; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.

 

Күн тәртібінің ««Рахат» АҚ-тың және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің өтініш-арыздары және оларды 2016 жылы қарау қорытындылары туралы» алтыншы мәселесі бойынша бірауыздан шешім қабылданды:

««Рахат» АҚ-тың және оның қызметтік тұлғаларының әрекетіне қатысты акционерлердің өтініш-арыздары мен оларды 2016 жылы қарау қорытындылары туралы» мәлімет ескерілсін.

Дауыс беруге 3 330 690 дауысқа иелік етуші акционерлер қатысты, «жақтағандар» – 3 330 690 дауыс немесе 100% ; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалғандар» – жоқ.